Балалар артриті

223-1476211490-848be5e9cb.jpg

Артриттің адам ағзасында пайда болуының әртүрлі себептері бар. Ревмотоидты, реактивті, инфекциялық, аллергиялық және созылмалы артрит. Балалар артритінің пайда болу себептері қандай? Артриттен қалай толық айығуға болады?

 

 Статистикаға сүйенсек, артрит әрбір мыңыншы баланың алғашқы жылы пайда болады. Оны тек бір жасынан төрт жасына дейін диагностикадан өткізе аласыз. Артритке шалдыққан ағза буындарындағы шеміршек әлсіреп, буындар тартылады, ісіктер пайда болады, сонымен қатар, ауырсынулар мен қимыл кезінде бөгеліп қалушылықтар байқаладаы. Балалар артриті дененің табан, тізе, тобық, бел, қол буынын және иық аумағын қамтиды.

Балалар артритінің пайда болу себептері мен белгілері

 Балалардың артритке шалдыққанын анықтау өте қиын, олар өзінің денсаулығына мән бере бермейді. Ауру туралы ашық айтпайды, тек көңіл күйінен байқауға болады. Тамақ ішуге тәбеттері болмайды, еркелікке, бойкүйездікке шалдыңып, көп қимылдаудан гөрі отыру немесе жатуды дұрыс көреді. Тіпті, кішкене сәбидің бойынан жеңіл ісінудің өзін бірден көзге шалынуы қиындыққа соқтырады. Бірақ бәрібір артритке шалдыққан баланы анықтаудың тәсілі бар. Мысалы, ауыр қимылдау, жүргісі келмеушілік, бала өзін аяп отырған секілді, бірақ оны бірнәрсе істеуге мәжбүрлесе, ол қыңырлық таныта бастайды. Тағы бір белгі ол таңертең сәл ақсаңдап немесе қимылдай алмай қалуы мүмкін.

 Балалардың артритке шалдығуының себептері өте көп. Ең бастылары, жарақат алу, суықтап қалу, жүйке жүйесінің аурулары, тұқымқуалаушылық, зат алмасу процестерінің бұзылуы, дәрумен жетіспеушілік, иммундық жүйенің әлсіздігі. Балалар артритінің емі, ең бірінші себептерін анықтау және толықтай денсаулығын тексеру арқылы жемісті болады. Содан соң стационарлық немесе диспансерлік жағдайда, ұзақ комплексті ем қабылдау керек. Артрит ауруына шалдыққан балаларда мынадай белгілер болады: буындардың қозғалысы қиындайды, дене шынықтырумен айналысқан уақытта буындағы ауру қозады, буындар іседі және қызарып, қолмен ұстаса, ыстық болып тұрады. Артриттің тағы бір мінездемесі – температураның көтерілуі, тәбеттің жоғалуы, ақсаңдау, таңертеңгілік буындардың қақсауы, әлсіздік, дене салмағының азаюы, бұлшық еттердің ісінуі. Ауыр жағдайда артриттің қозып кеткен кезеңінде буындар қара, қызыл түске еніп, уақыт өте түрі өзгеріп кетеді.

 Жоғарыда айтылғандай, артриттің пайда болуына әкелетін себептер мен факторлар өте көп және олардың ауыру белгілері әртүрлі.

 

Балаларда мынадай артриттің түрлері бар:

• жұқпалы – ауру тудырушы бактериялардың жарақат алу кезінде немесе басқа бактерия көзінен буын қуыстарына түсіп кетуі, мысалы, бүйректен;

• вирустық (Вирусты аурулардың қозуымен: энтеровирустық жұқпалы ауру, тұмау, қызамық, В және басқа да гепатиттер)

• постстрептококкты (ревматизм);

• поствакциналды;

• ювеналды-иммундық жүйенің дұрыс жұмыс атқармауының нәтижесінде пайда болады)

• ревматоидты артрит. Артрит тағы да екі түрге бөлінеді: моноартрит (бір буынның қабынуы) және полиартрит (екі немесе одан да көп буындардың қабынуы)

Сонымен қатар, ауру созылмалы және өткір болуы мүмкін. Өткір артритте буындар бірнеше күнде зақымданады немесе бір аптада және қысқа мерзімде өзгеріске ұшырауы мүмкін. Ал аурудың созылмалы түрінің үдерісі жәй дамиды, аздап ауру сезініп, ақырындап дами түседі.

 

Балалар артритін қалай емдеу керек?

 Балалар артритін емдеу ұзақмерзімді уақыт, бірнеше жылға дейін созылады (ауыр жағдайда), ал дұрыс ем қабылдамаған жағдайда, артрит өмірлік ауруға айналуы да мүмкін. Артриттен емделу ауру бетінің қайтуы кезеңінде қажетті дәрі-дәрмектер, физиотерапия, емдік дене шынықтыру, массаж және шипажайлық ем қабылдауды керек етеді. Сонымен қатар, емделу арнайы таңғыш қалақты уақытша буынды керекті қалыпта қою үшін, қимылды шектеп, бірақ қимылдауға болатындай етіп таңып қоюы мүмкін. Ауру созылып кеткен жағдайда, отаның көмегіне жүгінуі мүмкін. Ескерту, артрит ол ауру, бастапқы даму кезеңінде анықтау мүмкін болмайды, бірақ оның арты денсаулыққа және өмірдің сапасына үлкен әсер етеді.

 

Сырқатты тезірек анықтау керек, сонда ем нәтижелі әрі сәтті болады. 

 Сондықтан да, балаңызды үнемі бақылауда ұстаңыз, егер сәбиіңіз қимылдаудан қашса, қолы мен аяғын аз қимылдатса немесе зақымданбаса да, қол мен аяқ ауруына шағымданса, буындары қызарса немесе ісінсе, сол жерге қол тигізуден қашса, міндетті түрде дәрігер ревмотологқа қаралыңыз! Маман толыққанды ағзаны тексеруден өткізіп, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нақты диагнозды анықтайды. Қажетті емді береді. Ауруды алдын алу көп қатерден құтқарады. Сондықтан балаңыздың денсаулығына бей-жай қарамаңыз!



Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: