С дәруменінің жетіспеушілігі

153-1476214543-220ed2a527.jpg

Салдары қандай?

  С дәрумені, яғни аскорбин қышқылы – иммунды және жүйке жүйесінің негізгі элементі. Ол ағзаның жұқпалы ауруларға иммунитетін арттырады. Биологиялық тотығу кезінде зиянды заттардың түзілуін тежейді. Сондай-ақ сүйекке, тіске, шаш пен тырнаққа беріктік қасиет береді. С дәруменінің ағзаға қажетті тәуліктік мөлшері – 60-100 мг (ересектер үшін). Негізінен, қыс, көктем мезгілдерінде дәрумен ағзаға көбірек қажет. Ал ағзаға бұл дәруменнің жетіспеуінен адамның жүйке жүйесі, қалқанша безінің қызметі бұзылады, тез шаршайды, қызылиек қанталайды, ерте жастан әжім пайда болады, ең қиыны, құрқұлақ (цинга) шалдығады. 

 

Цинга ауруының белгілері:

  • тістің қанауы;

  • тістің түсуі; орталық жүйке жүйесінің бұзылуы;

  • жүрек соғысының өзгеруі; 

  • ішек жолдарында проблемалар және т.б.

 

 Яғни барлық органдардың қызметі бұзылады. Сондықтан С дәруменін қажетті мөлшерде қабылдаған жөн. Адам ағзасы С дәруменін түзбейтіндіктен оны тамақпен бірге қабылдау керек. С дәрумені жаңа піскен жеміс-жидек (лимон, апельсин, киви) пен көкөністердің (картоп, түсті орамжапырақ, қызыл бұрыш) құрамында, тұздалған орамжапырақта, итмұрын мен қарақаттың құрамында мол.

 


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: