Барлығымыз дерлік қарбызды жақсы көреміз. Ал көпшілігіміз қарбыздың жұмсағын (мякоть) жеп, дәнегін лақытырып тастайтынымыз белгілі жайт. Онымыз бекер екен. Мұның себебі, қарбыз дәнінің адам денсаулығына өте пайдалы болуында. Дәнедерді қарбызбен бірге жеу ағзаға ешқандай пайда әкелмейді. Алайды, оларды ұсақтап, одан шай дайындаса жақсы нәтиже сізді көп күттірмесі анық.
Қарбыз дәнегінің құрамындағы талшықтар асқазан-ішек жолдарының қалыпты жұмыс істеуі үшін өте маңызды болып табылады.
Қарбыз дәнектері адамдарды паразиттерде қорғай алады. Ағзаны құрттардан тазалау үшін, майдаланған дәнектерді жылы сүтке қосып ішу қажет (пропорция 1:10). Таңертең және кешке бір апта қабылдау қажет.
Қарбыз дәнінің құрамындағы цитруллин заты антиоксидант ретінде әсер етеді. Ол қан тамырларын кеңейтіп, қан қысымын төмендетуге көмектеседі. Ғалымдардың айтуынша, қарбыз дәнегі бүйрек және өт бөлу жолдары үшін өте пайдалы екен. Жаңа піскен (свежый) қарбыз дәнегінен дайындалған шай несеп айдайтын қасиетке ие болады.
Қарбыз дәнегі магний, темір, марганец, кальций және А, В, С дәрумендеріне бай.
Қарбыз дәнегі жадты жақсартып, ерлердің бел қуатын арттыратын қасиеттерге де ие.
Дереккөз : anabol.kz