Қаңтар
Қаңтар айында туған қыздардың менмендігі болғанымен, өте салмақты. Олар әр дүниеге сыни көзбен қарайды, бірақ ішіндегі сырын сыртқа шығарып, сезімін білдіре бермейді. Мұндай қыздар көзқарасы ортақ, пайым деңгейі бір адамдардан өзгелерді жанына жуытпайды.
Ақпан
Ақпанда дүниеге келгендер – сезімге берілгіш. Сондықтан олармен қарым-қатынаста сақтық танытып, жанын жаралап алмауға тырысқаныңыз абзал. Көңіл-күйі мың құбылатындықтан, оларды көпшілік түсіне бермейді. Олар – табиғатынан абстарктылы ойлауға бейім. Оған қоса мұндай жандарға бір рет сатқындық жасасаңыз, өмір бойы бастарыңыз бірікпесін білгейсіз.
Наурыз
Наурыз мысықтары. Ерекше дарын мен тартымдылық. Бұл өмірінде тек бір рет ғашық болатын, құлай сүйетін адал жандар. Олар – өте сүйкімді әрі ғажайып. Ал қандай да бір себеппен көңілін қалдырсаңыз, әп-сәтте өзгерген мінезін танымай қалуыңыз да ғажап емес. Не дегенмен, мұндай ерекше қыздармен бір шатыр астындағы өмір жаныңызға тыныштық пен ләззат сыйлайды.
Сәуір
Әдетте сәуір айында туған қыздарды кез-келген адаммен оңай тіл табысуы мен мәмілегерлік қасиеттері ортақтастырады. Алайда олар – өте қызғаншақ. Егер олардың сенімінен айырылсаңыз, екінші рет жолында ұшыраспауға тырысқаныңыз жөн. Десе де мұндай қыздар сізді әлемдегі ең бақытты жан ете алады. Сенімінен шыға білсеңіз, жүрегіне жол ашасыз.
Мамыр
Мамыр – мінезінде тұрақтылық бар, өзіндік ұстанымдарымен өмір сүретін әйелер айы. Олар – өте тартымды, бірақ мінезі – ауыр. Мұндай жандарға ғашық болу еркектердің бағы ма, соры ма, оны өздері аңғарар. Алайда мамыр айында туған қызға жолықсаңыз, ешқашан есіңізден шығара алмасыңыз анық. Тіпті, тырыспасаңыз да болады.
Маусым
Қызыққұмарлық, шығармашылыққа бейімділік әрі көпшілдік – маусым айында дүниеге келген қыздардың бойындағы үш басты қасиет. Олардың бойындағы бір қиындық – тілі ойынан алда жүретінінде. Алайда мұндай адамдар біреудің артынан сөз сөйлегеннен гөрі, шындықты тікесінен айтқанды жөн санайды. Ескерте кетсек, олармен қатынаста сақ болғаныңыз дұрыс. Ер адам олардың нәзік қолдарындағы ойыншыққа айналуы ғажап емес.
Шілде
Жаз мезгілінің ортасында дүние есігін ашқан қыздар – адал, зерек, сұлу әрі болмысы жұмбаққа толы. Олар шынайылықты сүйеді және кикілжің мен ұрыс-керістен аулақ жүруге тырысады. Бірақ оларды бір алдаудың өзі өмір бойына қош айтысуға жетерлік. Мұны жадыңызда бекем ұстағаныңыз ләзім.
Тамыз
Тамыз айында туған жандардың бойында өзімшілдік пен мейірімге толы үлкен жүрек тоғысатын ғажап қасиет бар. Олармен ұрысып, уақытыңызды зая кетірмегеніңіз жөн. Ертелі-кеш бәрі-бір жеңері анық. Бұл айда дүниеге келу бақыты бұйырған қыздар әзіл-қалжыңды ұнатқанымен, өзін келемеждегенді суқаны сүймейді. Абайсызда әжуалап, шамына тиген болсаңыз, бірнеше еселеп қайтатын қарымына дайын болғайсыз. Мұндай адамдар әрдайым көпшілік назарында болғанды қалайды. Ал оларды жолықтырған еркектер әп-сәтте ақыл- естен айырылып, ғашық болғанын аңдамай да қалады.
Қыркүйек
Бұл тәртіпті, мейірімді және ғажап мінезді әйелдер айы. Олар ешқашан сатқындарды кешірмейді. Егер жанын жараласаңыз, кек алмайынша іштегі оты басылмайды. Мұндай жандар ұзақ қарым-қатынас құруға тырысады. Сонымен қатар өмірлік серігіне қояр талаптары да жоғары. Тек лайықты жан ғана жанынан да, жүрегінен де мәңгіге орын ала алмақ.
Қазан
Қазан айында өмірге келген қыздар күшті мінез, үлкен ақылға ие. Олар нәзік жүрегіне қадалар тікеннен қорыққандықтан, кез-келген адамға жанын ашпайды. Кей әйелдер қызғанышы себепті қазанда туылған нәзік жан иелерін ұнатпайды.
Қараша
Бұл өтірік пен шындықтың ара-жігін біліп, ажырата білетін, өзгелерден бір қадам алда жүретін жандар. Олармен ойнау – отпен ойнағанмен пара-пар. Егер шындықты естуге дайын болмасаңыз, олардың пікірін білуге тырыспағаныңыз абзал.
Желтоқсан
Желтоқсанда шыдамсыз, бірақ әрдайым жолы болғыш қыздар дүниеге келеді. Олар қашан да сүттен ақ, судан таза болып, судан құрғақ шығудың жөнін біледі. Алайда мұндай қыздардың жүрегі кең әрі жанындағыларға тамаша көңіл-күй сылау қабілетіне ие. Олар өмірде талай сүрініп, көз жасына ерік берсе де, соңында қалағанына қол жеткізеді.
Дереккөз : anabol.kz