Тері өз жарақатын өзі емдейді

0_1549867335.9873.jpg

Тері дегеніміз не? Терінің қандай түрлері бар? Кезекті материалымыз терінің не екенін, оның қандай ерекшеліктері бар екенін түсінуге мүмкіндік береді.


 Тері барлық ішкі органды сыртқы ортаның әсерлерінен (қысым, үйкеліс, жарылу, соққы) қорғайтын дененің сыртқы жабыны. Ол ағзаны әр алуан бактериялардың түсуінен сақтайды. Тері жабынының жалпы аумағы 1,5-2 шаршы метр, ал қалыңдығы дененің әр учаскелерінде 0,5 мм-ден 4 мм-ге дейінгі аралықта болады, бүкіл терінің салмағы 3 кг шамасында. Тері дене температурасын реттеуге, алмасу, қорғаныс және бөліп шығару процестеріне қатысады. Тәулік ішінде тері арқылы 500 мл шамасында су бөлінеді, бұл ағзадағы судың 1%-ын құрайды. Тері бездері арқылы әр алуан тұздар мен ақуыз алмасу өнімдері шығарылады. Тері оттегі сіңіріп және көмірқышқылын шығара отырып, тыныс алады. Су, минерал және газ алмасу қарқындылығы жағынан тері бауыр мен бұлшық еттерден сәл ғана кейінде.

 Тері көптеген спецификалық қызметтерді атқарады, олардың негізгілері қорғаныс және сигналдық қызметтер болып табылады. Терінің сигналдық қызметі көптеген сезімтал жүйке ұштарымен – терінің барлық қабатында орналасқан рецепторлармен қамтамасыз етіледі. Олардың көмегімен біз қысымды, суықты, жылуды, ауруды, жанасуды сезінеміз. Терінің жекелеген учаскелерінде оның бетінің 1 шаршы см-не 200 ауру, 12 суық, 2 жылу және 25 қысымға жауап беретін жүйке ұштары келеді. Терінің сезімталдығы ағзаның сыртқы ортамен өзара әрекеттесуінде маңызды рөл атқарады, жарақаттардан, күйіктерден, үсіктерден сақтануға мүмкіндік береді.

 Ағза қалыпты жұмыс істеу үшін оған өмір сүрудің тұрақты жағдайлары қажет. Шынайы өмірде біз әр алуан және құбылмалы сыртқы факторлардың әсеріне үнемі ұшырап отырамыз. Тері жабыны біздің ағзамыздың физикалық тұтастығын қамтамасыз етеді және сақтайды. Біздің теріміз өте күрделі орган болып табылады, ал егер оның қиығын микроскоп арқылы қарайтын болсақ, мынадай қабаттарды жеңіл байқауға болады: сыртқы – эпидермис және ішкі – дерма. Тереңіректе жатқан тіндермен тері асты майының клетчаткалары немесе гиподерма деп аталатын майлы тін қабатының көмегімен қосылады.

Қосымша мәліметтер:

1. Тері – дененің іштен үнемі өсіп отыратын, әр алуан қызметті атқаратын және бүкіл ағзамен тығыз байланысты ең үлкен органы.

2. Сыртқы орта факторлары ағзаға әсер етеді, ең әуелі теріде реакция шақырады. Тері қоршаған ортаның барлық әсерін тікелей өзіне қабылдайды.

3. Тері көп жарақатты өзі жазады.

4. Тері сүйектердің дұрыс дамуына қажетті D дәруменін өндіреді.

5. Бүкіл дене терісінің сырт қабатында (саусақ терісінің ғана емес) кедір-бұдыр құрайтын көптеген қыртыстар, әжімдер, атыздар мен белдеушелер бар, олар жеке адамның ерекшелігі болып табылады және өмір бойына сақталады.

 

Дереккөз: vk.com


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: