Бенджамин Франклин рухани даму үшін бірнеше апта керектігін айтты. Әр апта сайын ол белгілі бір қағиданы ұстанатын. Бүгінде оның қағидаларын кез келген адам "дұрыс" деп санайды.
1. Өзіңді тежей білу. Есің кеткенше тамақ жеп, арақ ішпе.
2. Үнсіздік. Өзіңе не өзгеге пайдалы болатын нәрселер жайлы ғана әңгімеле.
3. Тәртіп. Әр затыңның өз орны болсын. Әр ісіңнің өз уақыты болсын.
4. Табандылық. Істеу керек деген істерді баста, ал бастаған ісіңді аяқта.
5. Үнемділік. Өзіңе не өзгелерге пайдалы болатын нәрселерге ақша жұмса. Артық шығынның пайдасы аз.
6. Еңбекқорлық. Уақытыңды бос кетірме. Үнемі пайдалы бір іспен айналыс. Міндетті емес істің бәрінен бас тарт.
7. Адалдық. Жалған сөз айтуға барма. Ойларың ашық, күнәсіз, әділ болсын. Сөзің де мейірімді, салмақты болсын.
8. Әділдік. Адамдарды ренжітпе, опасыздық жасама. Жақсы, игі іс тек шын ниетпен жасалуы керек.
9. Кешірімділік. Саған біреу зиян тигізсе, кешіре біл. Оларға реніш сақтаудың саған да, оған да пайдасы жоқ. Өз өміріңді қолға ал.
10. Тазалық. Киімің де, үйің де, қоршаған айналаң да айнадай таза болсын.
11. Байсалдылық. Түймедейді түйедей етпе. Кішігірім мәселелер үшін ашуға берілме.
Дереккөз: interesnoe.me