Сүйген адамына қол жеткіземін деп жүрген қыздарға кеңес

419-1476212160-8da12ab3d9.jpg

Құпия бойжеткен, бәз барлық адамзаттың бойында болатын махаббат атты асыл сезімнің сіздің де бойыңыздан бұршақ атқанына өте қуаныштымыз. Ол керемет сезім екенін өзіңіз де байқаған шығарсыз, әсіресе алғашқы махаббат ұмытылмайды. Ылғи да махаббат жемісті бола бермейді. Сіз ол жігітті басқа қырынан қарап, сынап көріңіз. Құрбы қыздарыңыз немесе оның жолдастары арқылы таныссаңыз болады. Жақын араласқанда ғана жақсы танып білесіз. Қандай екенін ажырата аласыз. Мүмкін жағымсыз қасиеттерін де байқарсыз. Мүмкін өзіңізді солай жақсы көретін жігітті табарсыз. Сондықтан да қатты жақсы көріп тұрсаңыз да өзіңізді сыйлауды ұмытпаңыз. Өз намысыңызды құрметтеңіз.Махаббатыңыздың қайдан пайда болғанын аңғарыңыз. Өзіңізге басқа да табынушылардың ықыласын қабылдаңыз,сонда ол жігіттен сенімдірек адамды жолықтырарсыз. Өзіңізді жақсы көріңіз. Біреу үшін құрбан болып бағаңызды жоғалтпаңыз. Көзқарасын байқаңыз.Көргенде оның алаңғасарланғанын немесе көңілді, адамға үйір екенін, күлгенін байқаңыз. Оның мінез-құлқынан-ақ бақылап, басқа қыздарға қарағанынан дәл сізге керек адам ба түсінесіз.

 Ал ол жігіт барлық стандарттарға сай болса, ол үшін біраз өз-өзіңізді жөнге келтіруге болады. Алдымен өз жүрегіңізді тыңдаңыз. Біріншіден, сіз оған ұнауыңыз керек. Ол үшін арнайы модель болу шарт емес. Тек табиғилығыңызды сақтаңыз, жасанды болмаңыз, қарапайым ғана ұқыпты таза болып жүріңіз. Түрлі байқауларға қатысып, әрбір ісіңізде жеңімпаз болып, өз бағаңызды көтеруіңізге де болады. Алдымен танысыңыз, кейін жігіттің бойындағы басқалар байқай бермейтін жақсы қасиетін табыңыз. Сол қасиетін байқайтыныңызды білдіріңіз. Қошемет жасаңыз. Ол сәнді шашы, киімі немесе мінезі болуы мүмкін. Осыдан өзіңізге назар аудартасыз, шындығында жігіттерге аз қошемет көрсетіледі ғой. Сіз көп қошемет сыйлай біліңіз, бірақ, орынды болсын. Жігіт сізге өзі қол жеткізетін болсын. Әр жігітте түйсік (инстинг) ойнайды, сіз оған әсер ете білуіңіз керек. Сіз оның әр қоңырауына жауап бере бермеңіз. Ол неге жауап бермеді деп ойлансын, ойы үнемі сізде болсын. Өзгерісті бірден байқайсыз, өзі артыңыздан жүре бастайды. Жігіттер қолы жетпес, жұмбақ қыздарды ұнататынын есіңізден шығармаңыз.


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: