Қыз-келіншектерде әтірдің бірнеше түрі болуы керек. Оларды кездесулердің түріне, жыл мезгіліне, тәуліктің әр кезеңіе сай қолданады. Ал жақсы әтірдің бағасы қымбат. Сондай қымбат әтіріңіздің жасанды болып шықпауы үшін оларды сенім жерден ғана сатып алыңыз. Әтірдің тазалығына көз жеткізу үшін сатушыдан сапа сертификатын сұраңыз.
Алайда ондай мүмкіндік бола бермейді, ондайда өзіңіз ажыратып үйреніңіз:
Қорабы
Қорабы қатты, сапалы, жазуы айқын болуы керек. Оның сыртынан жұқа целлофан оралады. Ал кейбір өндірушілер “жасанды бәсекелестерден” сақтанып целлофанмен қаптамайтын болған, ондайда картон сапасын қарай аласыз.
Жазуы
Әтірдің жазуын мұқият оқыңыз. Көптеген жасанды өнім ондірушілер айтулы бренд жазуының бір ғана әрпін өзгертіп жасайды (өзгертпесе базадағы тіркеуден өтпейді). Мысалы Climat сөзінің орнына Clema, Kenzo орнына Genzo деп жазылуы мүмкін. Таза француз әтірінде “parfume”-c “e” жалғауларынсыз тек “parfum” деп жазылады. Сондай-ақ тауарды өндіруші ел, жасалған күні, жарамдылық мерзімі және құрамы көрсетіледі.
Штрих код
Француз әтірінің штрих-коды 3 санынан басталады. Ұлыбритания 50, Германия 400-440, Испания 80-83, Франция 30-37, Канада 00-09, сандарынан басталатын штрих-кодпен белгілейді.
Құтысы
Әтірдің құтысы таза, мөлдір болуы тиіс. Әтірге ешқашан металл қақпақ жабылмайды, себебі металлмен әрекеттескенде иісі бұзылып кетеді. Сондай-ақ химиялық заттар қосылған әтірдің түсі қанық болады. Алайда соңғы кездері жасанды әтірлердің сырты өте сапалы жасалынып жүр. Сондықтан әтірдің бағасы көңілден шығатындай арзан болса да күмәнмен қарағаныңыз жөн.
Иістің сақталуы
Таза әтірдің иісі ұзаққа жетеді. Хош иістердің ішіндегі ең қымбаты-әтір(parfum-духи), оның құрамының 30-40 пайызы хош иісті майлардан тұрады. Арнайы мерекелерде, кештерде 1-2 тамшысын сепсе, 6-9 сағстқа дейін иісі кетпейді. Күндізгі уақытта парфюмериялық су (eau de parfum- парфюмерная вода) сепкен тиімді. Алдыңғыға қарағанда бағасы арзан болғанымен, иісі жағымды. Эфир майы 8-14 % болады. Хош иіс 4-5 сағатқа дейін тұрады.
Дереккөз: vk.com