Сабырға келу үшін қандай жаттығулар жасаған жөн?

298-1476211935-4cdea4aecb.jpg

Өмір-бұл Алла тағаланың адамға берген баға жетпес сыйы. Кез-келгенге бұйыра бермейтін бақ, қымбат қазына. Сол өмірдің әр минутына, әр секундына шүкіршілік ете біліп, қуанышқа да, қайғыға да, тоқтыққа да, жоқтыққа да төтеп беріп,сан түрлі сынақтан сүрінбеу сабырлылықты қажет етеді. Жалғыз Жаратушымыз Алла тағала сабырлы жандарды жақсы көреді, ал бір Алланың ризашылығын алу-тірек еткен тілегіміз. Алайда, тілегімізді тірек ете отырып, біз төзімді бола алдық па? Қиын сәтте сабырлылық танытып, ашуымызды ақылмен жеңе білеміз бе? Жоқ, ақылдан гөрі ашуға бой алдырып жататынмыз рас. Ендеше, ашудың алдын алу үшін не істеу керек? Сабырға келу үшін қандай жаттығулар жасаған жөн?

 Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация  мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы бірнеше жаттығуларды назарларыңызға ұсынып, кеңес береді.

 Сабырға келу үшін адам бірінші сабырсыздық неден пайда болады, соның мән-жағдайын түсініп алу керек. Сонымен қатар, алдымен,өзін-өзі түсіне білгені дұрыс. Егер адам өзін-өзі түсінбесе басқаны түсіну мүмкін емес. Сабырсыздыққа алып келген жағдайды ойлап, оған талдау жасаған жөн. Қалай болды, неден болды? Ашу келген кезде адам талдау жасай алмай қалады, сондықтан, ашулана бастаған сәтте сәл ғана жымиып, іштен онға дейін санау қажет. Неліктен күлімдеу қажет? Өйткені, мойындағы, иықтағы бұлшық ет пен бет бұлшық еттері адамның көңіл-күйіне әсер етеді екен . Яғни, адам сәл ғана жымиған сәтте бұлшықеттер босаңси бастап, көңіліңіз орнына түседі. Ал күлімдеп барып, іштей бірден онға дейін санай бастаған кезде ашуыңызды ұмытып кетесіз. ІСКЕ СӘТ!



Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: