Өзіңіз қалаған жерге қалай жұмысқа орналасуға болады?

659-1476211820-d16b113f43.jpg

Әрине, өзі қалаған жерге кім-кімнің де жұмысқа тезірек орналасқысы келеді. Оның аса қиындығы жоқ. Жұмысқа деген қызығушылығыңыз болса болғаны. Қалай? Ендеше, бірнеше әдіс-тәсілдерді пайдаланып көріңіз.  

 Өзіңізге ұнайтын қандай да бір жұмыс орнының басшылығына хабарласып, сіз сол компанияға қызығушылық білдіретініңізді, неліктен сізге дәл осы компания ұнайтынын және қандай артықшылықтары бар екенін, несімен ерекшеленетінін еркін отырып, ашық айтыңыз. Өзі басшылық етіп отырған компанияның жетістіктерін есту, ерекшеліктерін елдің ескергені міндетті түрде басшыға ұнайды. Кәсіби біліктіліктен гөрі бұл маңыздырақ болуы мүмкін. Сіз осы компанияда тегін жұмыс істей алатыныңызды, қандай да бір көмек көрсетіп, пайдаңызды тигізгіңіз келетінін сөзге тиек етіңіз. Егер «ұнап» жатқан жағдайда жұмысқа алуын айтуды ұмытпаңыз. Осы тұрғыда сіз өзіңіздің сөзбен емес, іспен дәлелдей алатыңызды көрсетесіз! Ал енді барып қашан іске кірісетініңізді сұрап, уақыт белгілеңіз.

 Міне, іспен дәлелдейтін сәт келді! Жұмысты бастаған күннен бастап, өзіңізді жай ғана тәжірибеден өтуші емес, жұмыскер ретінде көрсетіңіз. Уақытында келіп-кетіп, берілген жұмысты толық атқарып, өз идеяңызды айтудан жасқанбаңыз. Сол кезде-ақ басшылық сіздің жауапты, табанды, іскер екеніңізді байқайды. Жұмысқа бірден алуы сөзсіз. Ал егер, жұмысқа алмаған жағдайда еш өкінбеңіз, сіз үлкен тәжірибе жинадыңыз. Есесіне, келесі жұмысыңызда сіз бәрін біліп отырасыз және алдыңғы жұмыс орнындағы тәжірибеңіз жайлы айтасыз. Осылайша, сіз қашан бос жұмыс орны болатынын күтпей, өзіңізді көрсетіп, бос орынға лайықты екеніңізді дәлелдейсіз!



Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: