Адам баласы бақытты болуы үшін барын аямайды, ақшамен бар дүниесін шешеміз деп, адам жанын жаралайтын жаман істерге де барып жатады. Адам өз бақытын өзгеден іздеуі де мүмкін. Есіңізде болсын: адам өз бақытын өзі жасайды және бақытты болу үшін әрекет жасайды. Адамның бақытына тек кездескен адам ғана әсер етеді.
Бақытқа апарар жол адамдарға деген жақсы көзқарасыңыз бен сеніміңіз ғана. Ал шын бақытқа лайық жандар өзіне ұнамайтын, мінезімен өле-өлгенше күресетін, өзгеден кінәрәт көрмейтін, жаны жайсаң жүрегі жұмсақ жандар ғана бақытты бола алады.
Бақытқа апарар жолды іздейтін боларсыз. Ендеше төмендегі кеңеске құлақ түріңіз:
Өзгенің мінін көргенше, өз мініңізбен күресіңіз.
Адамдарға сыйлы болыңыз, бірінші болып саулық сұраңыз.
Жақын жандарыңызға сыйлық беруді ұмытпаңыз.
Ішкі жан дүниеңізге көбірек көңіл бөліңіз. Сырты бүтін іші түтін дүниеден аулақ болыңыз.
Бар қиындығыңызды айтып шағымдана бермеңіз. Естірі — ата-анаңыз.Ұғынып түсінері — жүрегіңіз.
Таң шуағы атқаннан бастап, қолыңызды жоғары көтеріп, үш мәрте "Мен Сұлумын!" деп нық сеніммен айтқаныңыз жөн. Тек шын жүрегіңізбен сеніммен айтыңыз.
Әрдайым күліп жүріңіз.
Таң ата бастаған сәттен бастап, күліп жүріңіз.
Сіз мүмкін өзіңіздің әдемі күлкіңізбен, өзіңіз іздеп жүрген ханзадаңызды жолықтырарсыз, жолым болмады деген сөзді адамдардың көзінше айтушы болмаңыз.
Ең басты байлық — ол сіздің денсаулығыңыз, сіз осыны ұмытпаңыз.
Бақыт-та уақытша болуы мүмкін, бастысы жаныңыз ауырмасын.
Дайындаған: Қ.Р Қазақ психологиялық қоғамы бірлестігінің мүшесі, психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы.
Дереккөз : anabol.kz