Өзіңізге тыныштық сыйлай біліңіз

934-1476217066-cb606de3af.jpg

Өмір-өзен деп аталатын өмір жолында, қарбалас тіршілік пен жұмыстада тіпті өзімізге қарауға мұршамызда келмей жатады. Осы жерде Не үшін? деген сұрақ туындайды. Өзіміз бе жоқ әлде ақшаға құнығып кеттікпе? Тек жанымыз жабырқаған сәтте ғана өзімізді еске алып, кейде өзімізге жанымыз ашып,жылапта алатын сәттеріміз өте көп. Неге бір сәтке болсада жанымызға  тыныштық сыйламасқа!

 

 Сіз әрдайым  өзіңізді  бір сәтке болсада тыныштықта сезінгіңіз келеме? Онда мына айтылған кеңестерді жадыңыздан шығармаңыз.          

  • Өмір сізді әрдайым көп қиындықта да, қуанышта да, сын тұрғысынанда сізді сынап өтеді, өмірде алдыңызға келген қиындыққа сынып кетпеңіз. Сіз өзіңізді қашан жалғыз сезіндіңіз, және қай уақытта, қай күні есіңізге түсіріп көріңізші.                                                 

  •  Үйде жалғыз қалған сәтіңізде өзіңіздің ешқашанда есіңізден кетпейтін, бір қуанышты сәтіңізді есіңізге түсіріп көріңіз.                                                   

  •  Жылағыңыз келеме, айта алмаған мұңыңыз бар ма? Онда дауысыңызды барынша шығарып егіліп жылап алыңыз, бұл сіздің ішкі жан дүниеңізге де пайдалы.                    

  •  Ешқашанда өзіңізді біреулердің алдында  төмен көрсетпеңіз және мен білмеймін деген сөзді айтпауға тырысыңыз.                                                      

  •  Жалғыз қалған сәтіңізде өзіңіздің жүрегіңізге жақын әуенді тыңдаңыз немесе көңіл күйіңізді  көтеретін түстерге қараңыз. Ол түсті сіз не үшін жақсы көресіз?  

  •  Өзіңізге ұнамайтын істен аулақ жүріңіз.                                                  

  •  Бос уақытыңыз табыла қалса, міндетті түрде жәй ғана көзіңізді жұмып, өзіңізді болашақта қалай елестетесіз.                                                    

  •  Егер күнделік жазып жүрсеңіз, тек жақсы әңгімелеріңізді жазыңыз, өкінішті сәттеріңізді жазбауға тырысыңыз, өйткені сіз оны оқыған сайын өзіңізді кінәмшылдыққа итермелейсіз және өзіңізге деген сеніміңізде жоғалады.

  •  Аспанға соңғы рет қашан қарадыңыз? Тіпті сіз бір сәтке болсада аспанға қарап ойландыңыз ба?

  •  Өзіңіз дос тұтып жүрген немесе сеніп жүрген адамыңыз болса айтыңыз. Әрқашанда ерте жатып, ерте тұруға дағдыланыңыз, бұл сіздің өзіңізді жайлы сезінуге және көңілді жүруіңізге ықпал жасайды. Өмірде кездескен  әрбір қиындығыңыз, болашақтағы жарқын күндердің жемісі болғай.

  •  Жаныңызға тыныштық сыйлағыңыз келсе, барынша адамдарға мейірімді және кішігірім, болсада сыйлық жасауға тырысыңыз. Ешқашанда уақытыңызды құр жібермеуге және де, үнемі әдемі киініп, жаныңыздағыларға  қуаныш сыйлай біліңіз.

 

 

 

Дайындаған: Педагог-психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: