Телефоныңыз суға түсіп кетсе не істеу керек?

308-1476212999-51a6916f2f.jpg

Телефон суға түсіп кетсе... Біріміздің болмасын, біріміздің басымызда болып жататын жағдай, бірден өзекті өкініш алып, «не істесем екен?» деген оймен басың қатады. Ашуланбаңыз, саспай, аптықпай, ішкі бөлігін су кірмесі үшін жылдам судан шығарып алыңыз. Телефонды әзірге қоспай тұра тұрғаныңыз дұрыс.

 

-Алдымен, батареясын бірден алып тастағаныңыз жөн болмақ. Мұқият қарап шығыңыз, батареяда немесе батареяның қасында кішкентай ақ қағаз жабысқан болуы керек. Ол су тиген жағдайда қызғылт түске боялады.

-Содан соң телефоннан SIM-карта мен жад картасын шығарыңыз. Құлаққап, заряд құрылығысы қосылып тұрмауын қадағалаңыз.

-Телефонды шайқаудың мүлдем қажеті шамалы . Оның әсерінен су телефонға таралып кетуі мүмкін.

-Енді телефонды ылғал тартатын, құрғақ шүберекпен мұқият сүртіп шығыңыз.

-Спирттің де осы тұрғыда пайдасы бар, ол суды ыдыратады.

-Шаш кептіргішті қолданбаңыз! Ол суды ары қарай итеріп, кері әсерін беруі ықтимал. Оның орнына шаңсорғышты пайдаланып көріңіз, шаңсорғыштың ылғалды тартып алатын қасиеті бар. Ал телефон бөлшектерінің мықты орналастырылуын байқап қарап алғаныңыз жөн, себебі, оның түсіп қалуы да мүмкін.

-Сондай-ақ, күрішке салып, бір тәулікке қоя тұрыңыз. Күріш ылғалды сіңіріп, телефоныңызды құрғатады.

 

Ал телефонды қосуға асықпаңыз, бір күн күте тұруыңыз қажет.



Дереккөз : anabol.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: