Шет ел мектептерінде балаларды қалай оқытады?

91-1476213457-5238a3cb7a.jpg

Шет елдегі білім беру. Қалай оқытады?Оқу жүйесіндегі ерекшеліктер anabol.kz-тегі ең қызықты мәлімерттерден xабардар болыңыз.

 

Білім беруден алғашқы үштікке кіретін Жапония елі.

Триместрден құралатын Жапониядағы оқу жылы сәуір айынан басталады.

Бірінші триместр 20 шілдеде аяқталады, содан соң оқушылар жазғы демалысқа шығады. Екінші триместр 1 қыркүйектен желтоқсан айының соңына дейін жалғасады, ал үшіншісі – қаңтар – наурыз айлары аралығында болады. Бір сыныптан басқа сыныпқа ауысу бір апталық көктемгі демалыс кезінде жүргізіледі.

Жапонияда мұғалім мамандығы тек ер адамдарға тән. Әйел адам ұстаздар өте аз.

Жапония мектептерінің көбісінде асхана жоқ, оқушылар сыныпта тамақтанады.

 

Швецияда мектеп директоры оқу жылының аяқталуын күтпей-ақ, дарынды оқушыны келесі сыныпқа ауыстыра алады, бірақ ол үшін ата-ананың рұқсаты қажет.

 

Норвегия мектептеріндегі оқушылар жас мөлшеріне қарай бірнеше топқа бөлінген – бастауыш сыныптар, 14 жастағы жасөспірімдер және 18-дегі жастар. Бір қызығы, олардың бәрі әр ғимаратта білім алады. 8-сыныпқа дейін Норвегия мектептерінде оқушыларға баға қойылмайды.

 

Ең білімі мықты ел Финляндияда егер оқушының сабақ айтуға ниеті болмаса, оны шақыруға болмайды.

Бұл елде оқушының өз сыныптастары алдында кемшіліктерін көрсету тиімсіз болып есептеледі. Фин мектептерінде сыныпта бірден екі оқытушы жұмыс істейді – мұғалім мен оның көмекшісі. Финляндия мектептерінде оқушылар әр сабақтан соң далаға шығуға міндетті.

 

Куба мектептерінің жоғары сыныптарында білім алатын оқушылар қандайда бір мамандықты меңгере бастайды. Қалалық мектептерде білім алатындар 5-7 аптаға ауыл шаруашылық жұмыстарға шақырылады.

Ирландияда 6-15 жас аралығында балалар міндетті түрде мектепке барулары қажет. Ал студенттерге сабаққа қатысу ерікті.

 

Чехия мектептерінде бағалау бес балдық жүйе бойынша жүргізіледі, алайда, бір қызығы, «бестік» ең төмен көрсеткіш болып саналады, ал «бірлік» керісінше – үздік баға. Чехия елінде мектеп мұғалімдерінің көбісі бірнеше пәннен сабақ береді.

 

Ал сізге қай елдің білім беру жүйесі ұнады?


Дереккөз : anabol.kz

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: