Ақша үнемдеудің жолдары

404-1476223382-fb19e5f090.jpg

1. Түртіп алып отырыңыз

 Кез келген затты сатып алғанда, жазып отыратын кітапша арнаңыз. Тіпті, жолыңызға кеткен 50 тиынды да түртіп алыңыз. Аптаның не айдың соңында кітапшаңызды ашып қараңыз. Бұл өз-өзіңізге есеп беруді үйретеді. Кейін босқа кеткен ақшаңызға ішіңіз күйіп, ақшаны үнемдеуге дағдылана бастайсыз. 

 

2. Су мен қуат көзін үнемдеңіз

 Жуынуға кем дегенде 3 минут кетеді. Осы уақыт ішінде крандағы қанша су бостан-босқа ағып кететініне назар салыңыз. Тіс шайғанда, кранды тыйып қойыңыз. Керек кезде ғана, кранды ағытып тұруға үйреніңіз. Краныңыз бұзыла бастаса, дереу жөндетуге асығыңыз. Себебі, кран бұзылғанда, көп су текке ағып кетеді.  Түнде жатарда бөлмелерді аралап, жарықтың сөнгенін қадағалаңыз. Жарықты жағып қойып, ұйықтап кететін кездер әлбетте, аз емес. Міне, дәл осы сәттер қалтаңызды жаймен жұқарта береді. Сондай-ақ, қуат көзін керек ететін заттарды пайдалағанда да, мұқият болыңыз. Мысалы, үтіктеп отырғанда, телефон шырылдаса, үтікті суырып барып, телефонға жүгіріңіз. 

3. Тамақ сатып алғанда...

 Зерттеушілердің айтуынша, әлемдегі адамдардың басым көпшілігі тамақты тоңазытқышқа сақтап қойып, кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыра салады екен. Пайдасыз болып қалған соң, лақтырмағанда қайтсін?! Яғни, көп тамақ сатып алған соң, азық таусылғанша сақталып тұрған тамақтар жеуге жарамсыз болып қалады. Мысалы, қарапайым картопты көп етіп алсаңыз, мөшектің астында қалып қойған картоптар күн өткен сайын шіри береді. Кейін оны пайдаланбай-ақ, лақтыруға тура келеді. Сондықтан, тамақ сатып алғанда өте ұқыпты болыңыз.

 

4. Өз-өзіңізге шектеу қоя біліңіз

 Қарныңыз аш болса, басқа әңгіме, ал қарныңыз тоқ болса, тәтті алмаға қызығып, оны сатып алмаңыз. Кез келген затты сатып алмас бұрын, бағаларын салыстырыңыз. Бұл сіздің сараңдығыңыз емес, сауаттылығыңыз. Әсіресе, қымбат тұратын заттардың бағаларын салыстырыңыз. Бір жерде 150 мың теңге тұратын ноутбуктың дәл осы моделі басқа бір дүкенде жеңілдікпен 100 мың теңгеге сатылып жатуы әбден мүмкін. 


Дереккөз : anabol.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: