Отбасылық бюджетті үнемдеу және сақтау жолдар қандай?

798-1476211641-41d83f9259.jpg

Отбасы бюждетінде қаражат үнемі жеткілікті болу үшін не істеу керек? Ақшаны жақсы тауып қана қоймай, сондай­ақ кез келген күтпеген жағдайға қажетті қаржыны қалай жинақтауға болады?

 

Қажетіңізді жалақыңыз түскен күні­ақ немесе келесі күннен қалдырмай алыңыз.

Бұл – ең басты қағида. Әр отбасында ай сайын үнемі қайталанып отыратын бюджет шығыстары болады және олардың бір­бірінен айырмасы да айтарлықтай көп емес.

Мысалы, бір отбасы ай сайын (мысал үшін көрсетілген бұл шығындар тұрғылықты жерлеріне байланысты әр жанұяда аздап өзгешелеу болуы мүмкін):

-2500 тг. ұялы телефонға; ­

-2500 тг. интернетке;

-15000 тг. ұзақ мерзімге сақтауға болатын азық­түлікке;

- 2500 тг. тұрмыстық заттарға;

-15000 тг. коммуналдық шығындарға; ­

-15000 тг. медициналық қажеттіліктерге жұмсайды.

Міне, бұл аталған шығындарды екі жолмен төлеуіңізге болады.

 

Біріншісі – қолыңызға ақша түскен күні, ары кетсе, келесі күннен қалдырмай бүкіл шығыстарды жабу. Демек, жаңа жоғарыда айтылған – телефоныңызға бірлік салу, интернеттің ақшасын төлеу, бұзылмайтын азық­түлікті алу, коммуналдық шығындар – бәрінен бірінші кезекте құтылу керек. Шығыстарды төлеудің дәл осы жолы әлдеқайда тиімдірек.

 

Екіншісі – шығыстардан оны төлеуге «дайын» болғаныңызда немесе төлеуге қажеттілік туғанда құтылу. Айталық, бос уақытыңыз табыла қалғанда барып коммуналдық шығындарды төлеп келдіңіз немесе телефоныңызда бірлік таусылып қалғандықтан, я интернет қажет болғандықтан оған ақша салдыңыз т.с.с..

 

Шығыстарды төлеу жолдарының бұл екеуінде бір­бірінен айтарлықтай айырма жоқ сияқты көрінеді. Уақытылы төледің не, айдың аяғына дейін төледің не, әйтеуір, қарыз жабылды ғой?! Бәрібір төлейтін қаржының сомасы сол қалпында, өзгерген жоқ емес пе?

 

Бұл – көпшіліктің ойы. Ал шын мәніне келер болсақ, осынау арифметикалық есептеулердің өз жөні бар. Егер де қаржыңызды жадысына жазылған арнайы бағдарламамен жұмыс істейтін робот жұмсайтын болса, онда сіз ойлағандай ертесі не, кеші не – бәрібір ешқандай өзгеріс болмас еді. Ал қаржы ешқандай бағдарламаға, былайша айтқанда, қандай да бір ережеге, қағидаға сүйенбейтін адам қолында болғандықтан, шынайы өмірде оған кез келген фактор әсер етпей қоймайды. Ақшаны адам басқарады. Ал адамды сана, құлық, керек десеңіз, күнделікті орын алатын жайттар басқарады. Қалтасында ақша бар адам оны ешқашан бітпейтіндей көріп, ойланбастан кез келген ұсақ­түйекке жұмсай береді. Осылайша қаражатыңыздың қалай жоқ болғанын аңғармай да қаласыз. Коммуналдық шығындар да төленбеді, азық­түлік те алынбады ғой. Ал келесі жалақыға жеткенше әлі бір ай бар...

 

Міне, сондықтан да көпке созбай, ақшаңыз қолыңызға түскен күні­ақ бар шығындарды жауып тастауға асығыңыз, осыны әдет қылып бойыңызға қалыптастырыңыз. Сондай­ақ азын­аулақ тиын­тебеніңізді, мүмкін болса, табысыңыздың бір бөлігін «қиын­қыстау күнге» деп бір бөлек қойып отырғаныңыз жөн. Күтпеген жерде көп мөлшерде қаржы керек болып жатса немесе қандай да бір қымбат дүние алғыңыз келсе, бұл жиғаныңыздың жарары сөзсіз. Табысыңыздың тағы бір бөлігін алдын ала жоспарланған заттарды сатып алуға жұмсаңыз. Айталық, үстіңізге киім немесе үйіңізге қандай да бір жиһаз алуға.

 

Ақшаңызды осылай жоспарлай жұмсағанда ғана отбасы бюджеті орнықты болмақ. Айлығыңыз да қажетсіз ұсақ­түйекке шашылмай, өз керегіңізге жұмсалады. Ақшаның жетіспеуінен орын алатын отбасылық кикілжіңдер де тыйылады.

 

Бір қызығы, отбасы бюджетін осылайша ретке келтірсеңіз, үйіңізге табысыңыздан бөлек, қосымша кіріс кіргендей көрінетін болады.


Дереккөз : anabol.kz


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең қымбат картиналар
  • Еліміздегі жекеменшік телеарналардың көпшілігінің қазақшасы 30 пайызға да жетпейді...
  • Сәкен Сыбанбай: «Қолды болған 1000 доллар»
  • Жұмабек Тәшенов пен Ұлықпан Бәшеновтің арасында қандай байланыс бар?
  • Сезімнің оянуына не түрткі?
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: