1. Ренжу деген жағымсыз көңіл-күймен өмір сүру деген сөз. Ал, жағымдысы жоқ өмір ешбір жақсылыққа бастамайды. Жан-жүрегімізде ненің оты лауласа, соның жылуын таратамыз. Ренішпен өзімізге жағымды нәрсені тарта алмаймыз. Бұл өмір заңына қарсы.
2. Еркектер өзін керек сезінгенде рухани өсіп, күш-қуаты тасиды. Ал, әйел өзіне деген шынайы қамқорлықты сезінгенде шабыттанады.
3. Жас айырмашылығы деген бір алынбас қамал сияқты. Дегенмен, сананың айырмашылығы жанында ол түк емес.
4. Бақытты әйел бір сәтте әлсіз болып шыға келеді. Егер жаныңыздағы әйел әлі де мықты болса, онда сіз оны бақытты ете алмағаныңыз...
5. Бүр түнде бүкіл өміріңді өзгерте алмайсың. Бірақ бір түнде келешегіңді біротала өзгертетіндей ой-санаңды түп-тамырымен өзгертуің мүмкін.
6. Махаббат деген түнде терезеден гүл сыйлау ғана емес... Махаббат деген өзгенің жанын лас аяқ киіммен таптамау...
7. Ұсақ-түйекке бас қатыру үшін тым ересекпін. Бірақ оларды мүлде байқамауға менің болмысым тым нәзік.
8. Бір сәтте бәрі оп-оңай, жеңіл, артық болып кетеді деп күтпеңіз. Қиындықсыз өмір жоқ. Дәл осы сәттен бастап бақытты болуды үйрен. Әйтпесе, үлгермей қалуың да ғажап емес.
9. Қалай өмір сүргің келсе, солай өмір сүр. Бұл өзімшілдік емес. Өзімшілдік өзгелердің де сіз ойлағандай жүріп-тұруы керек дегеннен туындайды.
10. Жалғыздық әйелді бұзады. Ол барлық қиындық пен түйткілді ешкімге сенбей, өзі шешіп дағдыланады. Ең жаманы, осылай істеу дұрыс дегенге сенуден басталады.
Аударған Шынар Әбілдә
Қабылан ақпараттық порталы