Осындай сауалдар жаңа отбасын құрған кейбір келіншектерді көп ойландырады. Онда төмендегі кеңесті тыңдап көріңіз:
Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры,психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы:
Отбасы құру ойыншық емес, күйеуіңіз де мың ойланып барып, сізге үйленген болар. Ол қызды бұрын сүйсе сүйген болар, бірақ, өмірлік серіктестікке сізді таңдап, балаларының анасы, сіз болғаныңызды қалады емес пе? Сондықтан да уайымға салынбаңыз.
Еркектердің психологиясын түсінуге тырысыңыз, оған біраз уақыт беріңіз. Қысым көрсетпеңіз, жылылық, мейірімділік танытыңыз. Сонда ол бірте-бірте сүйгенін ұмыта бастайды.
Екіншіден, кейде ата-енеңіз де ол қызға үйленгенін қалауы мүмкін. Былай алып қарасаңыз, кім-кімді қалағанмен, таңдау жасалған ғой.Сіз келінсіз, сондықтан да еркелікті жиыстырып, отбасының сақталуын қадағалаңыз. Күйеуге тие алмай жүрген қыздар көп, сіз олардың алдында бақыттысыз. Ақыры күйеуіңіз таңдап алған екен, дәл сізді лайық көрген екен, қуаныңыз, оған перзент сыйлап, қуантуға асығыңыз. Ал ата-енеңіз баласының бақытты екенін көргеннен кейін өздері-ақ сіздердің шаңырақтарыңыздың берік болуын ойлайды. Сіз таңдау жасайтын уақыттан өтіп кеткенсіз, ол қызбен кездеспесе, сөйлеспесе несіне уайымдайсыз. Өзіңізді өзіңіз қолға алып, күйеуіңізге жақсы жақтарыңызбен көрінуге тырысыңыз. Қамқор бола біліңіз, еркектерге жылы алақан, жанын түсінетін жақын адам, жылы сөз жетпей жатады. Осыларды іске асырып та күйеуіңізді өзіңізге қаратып,бұрынғы қызын ұмыттыра аласыз. Бәрі өз қолыңызда, қолыңызға қонған бақты ұшырып алмаңыз. Сабырлы болыңыз!
Дереккөз : anabol.kz