1. Мен су тек су болады деп ойлайтынмын. Бірақ оны ысытсаң – буға, суытсаң – мұзға айналады. Шын мәнінде ол бу ма, су ма, мұз ба – беймәлім. Адам да сондай. Ол да әртүрлі. (Януш Корчак)
2. Жоқ нәрсе ғайып болмайды. Іргесі қаланбаған дүниені құлату мүмкін емес. Тек шындыққа ұқсаған елесті сейілтесің. (Ошо)
3. Сіздің айтқаныңызды қанша адам кері түсінетінін білсеңіз, үндемеуді үйренер едіңіз.
4. Сіз үшін шалшықты да кешіп өтпейтін адам үшін мұхит асып келу бекершілік.
5. Әр қателіктің саған ұлы сабақ болуына мүмкіндік бер: әр батқан кеш – арайлап атар таңның бастамасы. (Шри Чинмой)
6. Кей адамның жаны мұхиттай терең, оларға бойлай алу мақтаныш. Ал, кей адам шалшық секілді, былғанбау үшін айналып өту ләзім.
7. Шын бақытты адам өзгеге жамандық тілемейді. (Л.Толстой)
8. Жүректегі күн жарқыраған кезде мұз атаулы ериді. Адам ғашық болғанда жүрегі шұғыла шашады. Ғашық адам жылдам өзгереді. Сенім нық жерде ғажайыптар орындала бастайды.
9. Сүйікті болу бәрінен маңызды. Бай болудан, сұлу болудан, танымал болудан... Өйткені, сүйікті болу – бақытты болу деген сөз.
10. Өзгені сүрінгені үшін мінеу жөн бе екен? Сүрінбейтін тұяқ жоқ. Бірақ сүрінген адамға екінің бірі қолын соза бермейді...
11. Бір данагөй көріпкел: «Адам үшін ең күшті дәру – махаббат пен қамқорлық» депті. Сонда біреу: «Көмектеспесе ше?» деп қайта сұрапты. Көріпкел: «Мөлшерін көбейтіңіз» деген екен.
12. Айналадағы адамдардың саған «Көңіліңе жақын алма» деп айтуы оңай. Олар сендік жүректің тереңдігін қайдан бойласын? Сен үшін не жақын екенін қалай білмек? (Эльчин Сафарли)
13. Алғаш көргеннен жаныңа шаттық сыйлаған адамдарды жоғалтып алмауға тырыс.
14. Нәзіктік деген қайсарлықтан туады, тек шын қайратты адам ғана жүрегін ашып, жан жылуын сыйлай біледі.
15. Көңіл қалу деген тұмау секілді. Ауырып тұрасыз. Содан соң иммунитет күшейеді.
16. Дүниедегі ең тәтті нәрсе балаңның беттен сүйгені, ең маңыздысы бөбегіңнің денсаулығы, ең ауыры нәрестенің көз жасы, ең қымбаты олардың кіршіксіз махаббаты...
17. Әйел қандай еркекті бағалайды? Оның бар үрейін басып, күмән-күдігін сейілтіп, беймазалықтан құтқарып, есесіне тек өзін ғана сүюге мүмкіндік қалдыратын жігітке бас иеді.
Афоризм кітабынан
Аударған Шынар Әбілдә
Қабылан ақпараттық порталы