Хибратулла Досқалиев: «Әзірге ешқандай қызметтте жоқпын»

8dd35541-b549-4c7e-81b9-ed86f5b2271a.PNG 

Соңғы жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментіне бастық болып тағайындалғандардың басынан дау арылмай жүр. Лақап аты “Тайсон”, “Жора Ташкентский” сияқты көптен бері құрыққа ілікпей құтылып кетіп жүрген қылмыс әлемінің “авторитеттерін” қолға түсіріп, аз ғана  уақытта абырой жинаған Құрманбек Артықбаев департамент басқарғанына бір жыл  толмастан ойда-жоқта қызметімен қош айтысты. Ол тоғыз жолдың торабындағы оңтүстікті есірткі дәлізіне айналдырған наркобарондарға  да қырғидай тиіп, әдеттегідей “шабақтарды” шырылдатпай  тікелей  “шортандарға” “соғыс” ашуға батылы барған еді. 

Артықбаевты алмастырған генерал-майор Хибратулла Досқалиев та  қайта-қайта ашық айқаспен бетпе-бет жолықты. Облыстық жол полициясы басқармасының бастығы Шәкеновтың   қызметінен босатылып, үстінен қылмыстық іс қозғалуы ел арасында “Досқалиевтің диктовкасы” деген алыпқашпа сөз таратты. Ал “Оңтүстік Қазақстан облысының бас полицейі парақор, аудандық, қалалық ішкі істер басқармаларына басшылыққа тағайындау үшін әрбір үміткерден 30-50-120 мың АҚШ доллары көлемінде ақша талап етеді. Бұдан бөлек қатардағы қызметкерлерге дейін қамтып, ай сайын әр түрлі желеумен “салық” жиналады”деген ауыр айыптау бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Оған мұндай айып таққан 8 азаматтың 5-еуі қызметіне сәйкес келмейтіндіктері жазылған бұйрық бойынша жұмыстан босағандарына көп бола қоймаса, қалған 3-еуі қазір де аудандық ішкі істер басқармаларының тізгінін ұстап отыр. Бұл даудың ушыққаны соншалық,кілең ығай-сығайдан құралған арнайы комиссия Астанадан келді. Досқалиев осы комиссияның тексеру қорытындысын журналистерге баяндап,әлдекімдердің араға от жағуынан,айдап салуынан туындаған айыптаудың негізсіз екендігі толық дәлелденгенін айтты.Осыған орай қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылданған. Араздасқан екі жақ бір-бірін кінәласпауға бәтуаласып, бейбіт келісімге келіпті. Қысқасы парақор деген даудан аман құтылды деп жүргенде генерал-майор Досқалиев қараша айында қызметімен қош айтысты.

 Дау-дамай біршама басылғанда  орынтағын босатқан Хибратулла Досқалиевпен телефон арқылы хабарластық.        

Хибратулла Досқалиев: «Әзірге ешқандай қызметтте жоқпын»

-Хибратулла аға, ішкі істер департаменті қызметі бастығынан босаған соң көрінбей кеттіңіз, әлде өзге жерде  қызмет етіп жатырсыз ба? 

-Әзірге боспын. Ешқандай қызметте жоқпын. Қазір қолым бос, еш жерде жұмыс істеп жатқаным жоқ. 

-Сонда немен айналысып жатырсыз?

-Кезінде жұмысбасты болып денсаулықты күтуді естен шығарып алпын. Осындай бос уақытты пайдаланып, қазір емделіп  жүрмін. 

-Өткен жылға өкпеңіз бар ма?

-Жоқ, қандай жағдай болғанның өзінде жыл нашар өтті деп айта алмаймын. Өзіне лайық жақсылықтары да болды.  Жалпы қызмет-бабындағы ауыс-түйіс көңіл-күйіме бәлендей әсере ете қойған жоқ.

"Рейтинг" газеті

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Оңалбай Аяшев мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті
  • Тұрдалы Сәуірбеков: «Нан бағасы бензин бағасымен теңестірілсе ауыл шаруашылығы гүлденеді»
  • Мәдениет және спорт министрі Түркістандағы тарихи орындарды аралады
  • Екпе – ағзаңыздың қорғаны!
  • Түркістан облысында басқарма басшысы тағайындалды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: