Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы Жеңіс Қасымбек үкіметтің отставкаға кетуі туралы айтып берді деп хабарлайды Tenginews.kz.
"Президент шешім қабылдап, кеше 19.00-ден кейін бізді премьер-министр жинап алды. Елбасы дәлелдер келтірді. Біз толықтай келісеміз", - деді Қасымбек.
Оның айтуынша, министрлер жаңа үкімет мүшелері тағайындалғанша, өз қызметтерін атқара береді.
Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев үкіметтің отставкаға кету керектігін айтқан болатын.
Президент жарлығы бойынша, Асқар Мамин премьер-министрдің міндеттерін атқарушы болып тағайындалды.