Түркіменстанда «Ұлы Отан соғысы» деп атауға тыйым салынды

Screenshot_6.jpg

Түркіменстан өкіметі бұқаралық ақпарат құралдарында «Ұлы Отан соғысы» деген сөзді айтуға тыйым салды. Бұдан былай фашистермен болған қиян-кесті ұрыс түркімендерде «1941-45 жылдарғы соғыс» деп аталатын болды.  Мұндай нұсқауды ақпарат құралдарына 9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында Мәдениет министрлігі берген. Министрлік өкілдері бұл тапсырманың жоғарыдан келгенін айтыпты. Бірақ оның себебін түсіндірмеген.

   Жұртшылық Түркіменстанның президенті Гурбангулы Бердымұхамедовтың басына мұндай ойдың қайдан сап ете қалғанын біле алмай дал. Бәлкім, түркімен көсемі әдетте ел басшыларының есімдерімен бірге қосарланып айтылатын «ұлы» деген сөзді орынды-орынсыз қолдана бермегенді жөн санады ма екен?!

1941-45 жылдарғы Ұлы Отан соғысына қатысқан және майдан даласында шейіт болған кеңес жауынгерлерінің арасында түркімендер аз болған жоқ. Тәуелсіздік алғаннан кейін де Түркіменстанда Ұлы Отан соғысына деген құрмет кеміген жоқ еді. Бір айта кетері, елдің тұңғыш президенті Сапармұрат Ниязовтың әкесі де осы соғыста қаза тапқан. Түркіменбашы 2000 жылы боздақ әкесіне Түркіменстанның Батыры деген атақ алып берген болатын.

Елдің қазіргі президенті Гурбангулы Бердымұхемедовтың әкесі Бердымұхамед Аннаев та соғысқа қатысқан. Бердымұхамед ақсақалды түркімендер қазір Ниязовтың әкесінен асырып дәріптемесе, кем қадірлемейтін көрінеді.

Мұрағаттан, 24.05.2012 ж

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іздеу салынады!
  • Жұмыссыз жастардың жайы не болмақ?
  • Елімізде жоғары білімнің бағасы қанша?
  • Жетісайдағы оқиға: Жәбір көрген қыздардың әкесі теріс діни ағымды ұстанған
  • Биыл білім гранттары қалай тағайындалатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: