Жүзгіш мэр

160221155955_boris_johnson_624x351_getty_nocredit.jpg

Лондон қаласының мэрі (әкімі) Борис Джонсон  айналаны күл-қоқыстан тазартып жүрген тұрғындарға көмектесемін деп өзенге құлап түсті. Оқиға Англия астанасының оңтүстік жағында ағатын Пул өзенінде орын алған. Бір топ табиғат жанашырлары экологияны жақсартамыз деп айналаны тазалап жүргенде аяғына резеңке етік киген қала басшысы сау ете қалады.  Мұнысы экологтарды қолдап, рухтандыру, осы арқылы өзгелерге үлгі көрсету  болса керек. Қолына  қапшық ұстаған Борис Джонсон бос бөтелкелер мен шашылып жатқан қағаздарды жинай бастағаны сол-ақ екен, кенет аяғы тайқып кетіп, суға құлап түсті. Өзенге  кеудесіне дейін бойлаған мэрді жан-жағындағылар жапатармағай құтқаруға  ұмтылды. Джонсон болса бір сәтке абдырып қалғанымен, сәлден соң күлімсіреп, «ондай-ондай әкімдерде де болып тұрады» деп өзін-өзі жұбатты.   

Осыдан бірер апта бұрын да қала басшысы  осы тектес оқиғаға ұрынған. Велосипедпен серуендеп жүрген оны жүк көлігі қағып кете жаздап, әйтеуір, ағылшын шенеунігі аман қалды. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іздеу салынады!
  • Жұмыссыз жастардың жайы не болмақ?
  • Елімізде жоғары білімнің бағасы қанша?
  • Жетісайдағы оқиға: Жәбір көрген қыздардың әкесі теріс діни ағымды ұстанған
  • Биыл білім гранттары қалай тағайындалатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: