Семей әуежайына Мұхтар Әуезов есімі берілуі мүмкін

Screenshot_4.jpg

Бұл жөнінде бүгін тұрғындар алдында есеп берген Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді. Жалпы, мұндай ұсынысты біраз бұрын Қазақстан Жазушылар одағы Семей қаласы филиалының төрағасы Мерей Қарт ұсынған еді.

Ол кезде Мерей Қарт Семей қаласындағы әуежайға «Абай жолы» деген атауды ұсынған болатын. Бүгінде Семей қаласында Абай мен Шәкәрім есімі берілген нысандардың аз емес екенін алға тартқан әкім, қала әуежайына белгілі жазушы Мұхтар Әуезовтың есіміннің лайықты екенін айтты.

«Семейде Абай мұражайы, Абай театры, Абай кітапханасы бар. Сондай-ақ биыл жыл соңына қарай құрылысы аяқталуы межеленген «Абай Арена» мәдени-спорттық кешені де болашақта осылардың қатарына қосылмақ. Қала Шәкәрімнің есімінен де кенде емес. Атап айтсам, Шәкәрім университеті, Шәкәрім даңғылы бар. Ендігі кезек ғұлама жазушыларымыздың бірі, осы Семей өңірінің тумасы Мұхтар Әуезов есімінің осы әуежайға берілгені дұрыс болар ма деп ойлаймын. Сондықтан көпшілік тарапынан ұсыныс түссе біз оны қарауға дайынбыз», - деді облыс әкімі.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Іздеу салынады!
  • Жұмыссыз жастардың жайы не болмақ?
  • Елімізде жоғары білімнің бағасы қанша?
  • Жетісайдағы оқиға: Жәбір көрген қыздардың әкесі теріс діни ағымды ұстанған
  • Биыл білім гранттары қалай тағайындалатыны белгілі болды
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: