Президент айтқан 21 мың теңге жәрдемақыны алушы аз қамтылған отбасылар үй-күйі жоқ отбасылар жататын оңалту орталықтарына тіркелуі тиіс.
Қазақстан үкіметі Нұр-Сұлтан секілді ірі қалалардағы тұрақты тіркеу мәселесін осылай шешпек, деп хабарлайды 31 арна.
21 мың теңгені есептеу кезінде зейнетақыны, мал мен бау-бақшаны есепке алу мәселесі қарапайым азаматтардан бастап депутаттарға дейін толғандырған еді. Бірақ жаңа заңда ескерусіз қалды.
"Елбасы бұл көмектің кезең-кезеңімен жүзеге асатынын айтқан болатын. Сондықтан зейнетақы мәселесі келесі кезеңдерде қаралатын болады", - дедіЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев.
Тағы бір мәселе - тұрақты тіркеу жайы. Министрлік бұл мәселені де шешкен.
"Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты тұратын адамдар қаладағы оңалту орталықтарына тіркелу керек", - дейді Сапарбаев.
Оңалту орталығы дегеніміз - үй-күйі жоқ адамдарды орналастыратын орын.