Алла Пугачева Мәскеуден жер сатып алды. Ата-анасы және бауыры жерленген Кузьмин моласынан. Ресей эстрадасының примадоннасы енді ақырет жайында ойлана бастаған тәрізді.
Әншінің баспасөз қызметінің басшысы Дмитрий Коробцовтың айтуынша, моладан жер сатып алуда тұрған ешқандай оғаш қылық жоқ.
--Кез-келген саналы адам жасы келген сайын өзінің өлімі жайында жиі ойланады,-- дейді Коробцов.
Туыстарының жанында жерлеу дәстүрі Ресейде ежелден қалыптасқан. Сондықтан примадоннаның бұл әрекетіне еш таңданудың қажеті жоқ. Ал, әншінің өзі болса бұл жайтқа байланысты әлі ешқандай пікір білдірмепті.
Айта кетейік, бұған дейін кейбір басылым беттерінде Алла Пугачева Иерусалимдегі көне еврей моласынан көр сатып алыпты деген хабар тараған еді.