Ақтөбелік жігіт Парижде өртенген шіркеуді қалпына келтіруге ақша аударды

Screenshot_4.jpg

Алматы мен Ақтөбе бизнесмендері Парижде өртенген әйгілі Құдай ана шіркеуін қалпына келтіруге ақша аударуда.

Бұған дейін қазақстандық әйел шіркеуге қаражат аударған еді. Бұған желі қолдаунышалыр ашулана пікір жазды. Олар өз елімізде де мұндай мәселе толып жатқанын алға тартты.

Енді ақтөбелік жігіттің 70 мыңнан астам қаражат аударғаны белгілі болды, деп жазады city04.kz-ке сілтеп stan.kz.

Руслан Әсетұлы Парижді тек сурет пен кинодан көрген. Парижде болған қайғылы жағдай оның өзегін өртеген. Өзі бұған бей-жай қарай алмайтынын айтты. 

"Мен өнерді жақсы көрем. Мұнда ел, дін, ұлт деп бөлмеу керек. Бұл - тарих. Біз мұраларды қорғауымыз керек. Қазір моральді, физикалық көмек керек. Менің жіберген 1700 евро ақшам теңізге құйған тамшыдай. Егер бәріміз осылай көмектессек, болашаққа жақсы дүние жасаймыз", - деді Руслан. 

Мемлекеттік қор шіркеуді қалпына келтіру жұмысы үшін әлем елі халқынан қаражат жинап жатыр. Тұрғындардан 50 мыңнан 500 мың евроға дейін сома жіберуді сұрайды. Ерікті шамасы жеткен қаражатты да аудара алады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: