Аты шулы модель Динагүл Тасова ел алдына тағы да жалаңаштанып шықты

Screenshot_7.jpg

Бүкіл елге іш киімсіз көйлектерімен аты шыққан қазақстандық модель Динагүл Тасова тағы да подиумда төсін көрсетті деп жазады kaz.nur.kz

Динагүл Тасованың Instagram-дағы ақпараты бойынша, ол елордалық жастар мәслихатының VII шақырылымының депутаты.  Атышулы бойжеткен тағы да барша жұртты өзіне қаратты.

Kazakhstan Fashion Week-те модель подиумда жалаңаш төсін көрсетті. Грузиялық дизайнер Кети Чхиквадзенің топтамасын көрсеткен кезде қазақстандық ару шілтер іспетті ұзын көйлек киіп шықты. Алайда ол төстартқыш тақпаған. Көрсетілім суреттерін ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Screenshot_6.jpg

Еске сала кетейік, ол мұндай ашық көрсетілімге бірінші рет қатысып отырған жоқ. Өткен жылдың желтоқсан айында Динагүл Тасова елордадағы сән көрсетілімі кезінде мөлдір көйлек киіп шыққан болатын.

Содан кейін бойжеткенге көп сын пікір айтылған. Тіпті арудың ағалары оған қатты ренжіген. Сол үшін оны кездесіп жүрген жігіті соққыға жықты.

Содан кейін ару енді төсін жалаңаштап шықпайтынын мәлімдеген болатын.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: