Көптеген тарихи тұлғаларды, батырларды сомдап жүрген танымал актер Еркебұлан Дайыров театрдың құны эстрададан төмендеп кеткені қатты мазалайтынын айтты деп хабарлайды oinet.kz тілшісі.
Еркебұлан "Ережесіз әңгіме" бағдарламасында осы тақырып төңірегінде толғанысын жеткізді. "Театрдың бағасын көтеру керек және ол жерде театрды түсінетін адамдар жұмыс істеу керек. Сіздердің (ред.жүргізуші Ерке Есмаханға қарап) қайықтарыңыз кеме біздікі қайық болып қалды. Эстрада театрдан жоғары тұр. Сіздердің нандарыңызға таласып, қызғанып отырған ештеңем жоқ. Театр актерларының құны көтерілу керек. Сол жолда жұмыс істеп жатқан жайымыз бар", - деді ол.
Актер сұхбат барысында сондай-ақ Мәскеу қаласының өзінде 500 ден аса театрдың барын, ал Қазақстан бойынша небәрі елуден аса театр ошақтарының барын тілге тиек етті.