Танымал актер Еркебұлан Дайыров жұрт ойлағандай әнші Мақпал Исабековамен сүйіспегенін айтты. Ол бұл туралы "Ережесіз әңгіме" бағдарламасында ашып айтты деп хабарлайды oinet.kz тілшісі.
"Бұл бейнебаянның форматы бөлек. Маған ұнағаны режиссері Ернардың болғаны. Оның үстіне ақша керек болды (ред.күліп...) Ән мен бейнебаянның сюжеті үйлесім тапқан. Көбісі мені сол жерде Мақпалмен сүйісті деп ойлайды. Тағы да айтайын Мақпалдың өзінен де сұраңыздар, ондай ештеңе болған жоқ. Ол тек оператордың әдемі жұмысы",- деп ойын жеткізді.
Айта кетейік, Еркебұлан Дайыров Мақпал Исабекованвң "Хабарласпа" әніне түсірген бейнебаянына түскен болатын. Сюжетте актердің Мақпалмен құшақтасып, аймаласқан сәттері бар.