Төреғали тағы да заң бұзды

53470939_551151515385035_4510060374226245936_n.jpg

Басы даудан арылмайтын Төреғали Төреәлі тағы да ұшақта заң бұзды. Әнші бортқа рұқсатсыз қымыз алып кіргенін мойындады. Ол сусынды жасыру үшін қандай амалға барғанын да айтып берді, деп жазады Stan.kz.

"Короче ше, қолымдағы жасыл пакеттің ішінде ақ пакет, ақ пакеттің ішінде көк пакет көк пакеттің ішінде қымыз бар.

Өскемендік өскелең жұрт сый қып бергесін тастап кете алмадым. Негізі өткізбейтін еді, ешкімге айтып қоймаңыздар. Өзі айтып қойды ғой десе де, мойындамаңыздар! Қымыз аспанда атылған жоқ уайымдамаңыздар!" - деді Төреғали.

Мұны оқыған желі қолданушылары өнер иесінің сөзіне әбден күліп алды. 

Қымыз демекші, Наурыз мерекесінде Ұлы дала баласы тыңдарманына сый жасады. Күні кеше оның "Қымыз іштім" атты бейнеклипі жарық көрді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: