Мәскеуде «Рублевка» деген элиталық шағын аудан бар. Ресей астанасының ең қымбат мейрамханалары мен кафелері осында топтастырылған. Әрине, қымбат мейрамхананың тамағы да бағасына сай болуы тиістігі заңды. Дегенмен, қалталы мәскеуліктердің намысын келтіріп, тәбетін қашыратын жайттар да кездесіп тұрады. Айталық, жуырда ғана «Рублевкадағы» элиталық көңіл көтеретін орталықтары мен дүкендеріне гастарбайтерлердің жасаған салаттары жеткізіліп тұрғаны мәлім болды. Қаланың сыртында орналасқан үйлердің біріндегі астыртын цехқа ойда-жоқта сау ете қалған полицейлер ынты-шынтымен беріліп, шөп-шалам турап жатқан жеті өзбекке тап болады. Бұл бөлмеде санитарлық нормалардың мүлдем сақталмағандығы соншалық, тіпті демалудың өзі қиынға соғады. Дайын салаттарды сақтайтын арнайы тоңазытқыштардың жоқтығынан көкөністер шіри бастаған. Ал енді осы салаттарды элиткалық ортада жүретін мәскеуліктер біраз уақыттан бері тұтынып келіпті. Салат турағыш өзбектер өз елдеріне қайтарылатын болады. Дегенмен, полицейлердің пікірінше, Мәскеуде осы тектес «аспаздар» әлі аз емес.
"Рувлевкада" элиталық салатты гастарбайтерлер жасап келген
Пікір жазу( 0 Пікір) |