Тоқаевтың кортежі Мәскеу халқының назарын аударды

Screenshot_1.jpg

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кортежі Мәскеу көшелерінде көпшіліктің назарын аударды. Терезелері қараңғыланған көлік мотоциклдермен бірге орталық көшеде жүріп өткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев кортежі Внуково әуежайынан Қызыл алаңға дейін жүріп өтті. 

Қазақстан президенті ұшақ баспалдағынан бастап Кремльге, Владимир Путиннің қабылдауына асықты. Президент үшін Мәскеудің орталық көшелері жабылған. 

770e0863909e12f9_w.png

Көліктер Мемлекеттік думаға қарама-қарсы Тверская көшесінде тоқтаған кезде қауіпсіздік үшін қызығушылық танытып тұрған мәскеуліктерді тоқтату қажет болды.

Бұл уақытта Тверская көшесінде қызу тіршілік орнады. Қалалықтар кортежге қызыға қарап, тіпті, оны суретке түсіріп алды

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 3 сәуір күні Мәскеуге ұшып келді. Бұл - оның мемлекет басшысы ретіндегі шетелге алғашқы сапары.

b63ecb248f806591801af9eae8c848ce.jpg


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • В Туркестане прошел семинар по разъяснению выборного законодательства
  • Украина үшін ұшырылған көгершіндер қарға мен шағаланың шабуылына ұшырады
  • Күйеу бала. Ісі тастай Кеңес Рақышев
  • Димаш Құдайберген Ержан Максимге «Қазақша сөйле» деп ескерту жасады
  • Қытайда 40-қа жуық мемлекет басшылары кездесті
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: