Жанысбек Өтегенов: Медициналық анықтаманы студенттер 1000 теңгеге сатып алып жатыр

Screenshot_32.jpg

Жанысбек Өтегенов, «Азат»партиясы облыстық бөлімшесінің төрағасы:

Қазір мақтанып шенеуніктерден бастап қан тапсырып жатыр ғой. Ал, соны қабылдап жатқан медбикелер мен дәрігерлердің өзі медициналық бақылаудан өтпеген. 6 айда бір рет міндетті түрде тексеруден өтуі тиіс. Бірінші дәрігерлердің өзі таза болуы керек, одан соң барып халықтан талап етсін. 

Медициналық тексеруден өтті деген анықтаманы студенттер 1000 теңгеге сатып алып жатыр. Ақшасын төлесең болды, ертесіне бір жапырақ қағаз дайын болады. Онда «рентгенге түсті, қан тапсырды, анализ тапсырды» деп жазылады. Ал ол адам ауру болып шықса ше? Өзбекстаннан келгендер де осындай әдіспен медбақылаудан өтіп алып, асханада даяшы, самса пісіруші болып жұмысқа тұрады. Елге түрлі аурулар осылайша келеді. Жақында естідім, бір кісінің денесіне жара шыққан. Тексеріп келсе, ондай ауру бұған дейін тек Қытайда тіркелген екен. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлемдегі ең үлкен энциклопедиялық сөздік
  • Әлемдегі ең қымбат кітапты Билл Гейтс қаншаға сатып алды?
  • Әлемде қай жазушының кітабы 2 млрд. данамен тараған?
  • Әлемдегі ең ауыр кітап жинағы қай мемлекетте?
  • Әлемдегі ең «ақылды» көпір
  • Пікір жазу( 0 Пікір)
       
    Тексеру код: