Еліміздің 17 өңірінде «Халық әуені» жобасы өтеді

Oinet.kz 19-05-2026

2026 жылғы 21-23 мамыр аралығында Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай елімізде «Халық әуені» концерттік туры ұйымдастырылады.

1000606046.jpg

Жоба аясында концерттік ұйымдар мен шығармашылық ұжымдар Қазақстанның 17 өңірін аралайды. Әр ұжым үш аудан орталығы мен моноқалада өнер көрсетеді. Жалпы тур аясында көрерменге 51 концерттік бағдарлама тегін ұсынылады.

Концерттер жанды дауыста өтіп, бірқатары ашық аспан астындағы алаңдарда ұйымдастырылады. Жоба ұлттық мәдени мұраны насихаттауға, өнердің үздік үлгілерін ел өңірлеріне, соның ішінде шалғай ауыл тұрғындарына жеткізуге бағытталады.

Бағдарламаға елімізде және халықаралық сахналарда өнер көрсетіп жүрген танымал әртістер, шығармашылық ұжымдар мен орындаушылар қатысады. Көрермен ұлттық музыкалық мұрамен қатар, заманауи концерттік қойылымдарды тамашалай алады.

«Халық әуені» жобасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның демеушілік қолдауымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

В Астане пройдет республиканский форум «Культура и инновация»
Концертный тур «Халық әуені» охватит 17 областей Казахстана
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу