МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Бүгінде сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары мемлекеттік қызметтерін толыққанды Жүйеде атқару үшін Бірыңғай Мемлекеттік Жылжымайтын мүлік кадастры жүйесімен және басқа да мемлекеттік ақпараттық жүйелерімен интеграциялау шаралары атқарылуда.
Келесі кезеңде Шымкент қаласы бойынша «Сауда-саттықты өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» және «Сауда-саттық атап айтқанда конкурстар мен аукциондар арқылы мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметтерін жаңа Заң талаптарына сай электронды форматқа көшіріп, өңірлік геоақпараттық жүйесіне атқару үшін жергілікті табиғи монополиялар субъектілерімен (ТМС) әрекеттесіп, бизнес- процестерді автоматтандыру шаралары жоспарлануда.
Өңірлік геоақпараттық жүйесінің кезекті картасында жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жеңілдетуге бағытталған жұмыстық және негізгі қабаттар қарастырылған. Бұл қабаттарда Шымкент қаласындағы бос жер учаскелері бойынша, жер-сауда саттығы, инженерлік желілерді қамтамасыз ету, көркейту, автомобиль жолдары, заңсыз құрылыс туралы және тағы басқа керекті ақпараттар енгізіліп, мәліметтерді уақытылы жаңартып, толықтырып отыру тиісті басқармаларға тапсырылды.
Жүйені іске қосып, мемлекеттік қызметтерді электронды форматта атқару нәтижесінде қағазбастылықты, сыбайлас жемқорлықтың болу ықтималдығын азайту және де қаланың табиғи монополиялар субъектілері мен жергілікті мемлекеттік органдар арасындағы құжат алмасу жұмыстарын жеңілдету көзделіп отыр.
Геоақпараттық жүйелерінің базасындағы технологияны ірі масштабты жалпы географиялық, тақырыптық жəне мониторинг жүргізу мақсатындағы, сонымен қатар, басқару міндеттерін шешуді көздейтін арнайы карталар жасауға пайдаланған қолайлы. Мұндай карталар жүріп жатқан үрдістердің динамикасын бақылап, ақпараттарды тұрақты түрде жаңартып отыруды талап етеді. Олар əртүрлі масштабта жəне проекцияда құрылған карталарды, аэроғарыштық түсірілімдер мен жергілікті жерде жүргізілген геодезиялық түсіру жұмыстарының нəтижелерін, сонымен қатар, алуан түрлі дерек көздерін қолданатындықтан жобалық түрлендіруді қажет етеді.