МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Шымқаламыздың республикалық маңызы бар қала мәртебесіне сай көрікті әрі өмір сүруге қолайлы болып одан әрі дамуы үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ, Шымкент қаласының 2035 жылға дейінгі даму бас жоспары әзірлену барысында екі қоғамдық талқылау өтті. Әр қоғамдық талқылауға бір ай уақыт белгіленді. Сәулетшілер мен қала халықы тарапынан 140-ға жуық сұрақтар мен ұсыныстар келіп түсті. Әрбір ұсыныстар мен сұрақтарға өз кезегінде жобалаушы мекеме тиісті заңдылықтарға сәйкес жауап берілді.
Сондай-ақ айта кету керек, тұрғындардың тарапынан түскен ұсыныстардың бірі Бозарық шағын ауданының аумағынан темір жол салу болған, алайда бұл арнайы мамандардың және жобалаушы мекеменің жүргізілген зеріттеуінің нәтиежесінде қалаға экономикалық тұрғыдан тиімісіз екені нақтыланды. Сол себепті біз өзіміздің қолда бар ресурстарымызды пайдалану мақсатында бас жоспарға темір жолды Аэропорт ауданының аумағынан салуды тиімді деп таптық. Бұған қаланың тұрғындары да дұрыс деген ұсыныстарын білдірді.
Айта кеткен жөн Шымкент қаласының бас жоспары қала тұрғындарының назарына ұсынылды. Кез келген шымкенттік тұрғын бас жоспармен танысып, өзінің ұсыныс-тілегін қалдыра алды.
– Шымкенттің бұған дейінгі бас жоспары 2012 жылы бекітілген болатын. Ал 2015-2018 жылдар аралығында бас жоспарға өзектендіру жұмыстары жүргізілді. Ал бұл бас жоспар 2025-2035 жылдар аралығын қамтып отыр. Арнайы мамандар қаладағы 117 мың гектар аумаққа түгел топотүсірілім жасап, 1:10 000 масштабпен картаға енгізді. Бұл жұмыстардың тағы бір ерекшелігі – барлық сызба заманауи талаптарға сай келетін векторлы форматта жасалып отыр. Осылайша алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылып, Шымкент заманауи мегаполис талабына сай келетін қала атанады деп жоспарлап отырмыз, – деді қала әкімінің орынбасары Мақсұт Пернебайұлы.
Қала әкімі орынбасарының мәлімдеуінше, Шымкенттің бас жоспарын әзірлеуге «Градкомплекс» ЖШС-мен келісімшарт түзілген. Мердігер мекеменің тәжірибесі мол, Қазақстанның көптеген қаласының жоспарын жасауға үлес қосқан, дейді жауапты мамандар. Компанияның шақыруымен Шымкентке Киев, Минск, Санкт-Петербург қалаларынан білікті мамандар келіп, кеңестерімен бөліскен.