Шымкент қаласында үш айналма жол салу жоспарлануда

Oinet.kz 20-04-2023 421

Жалпы біздегі ең өзекті мәселеміз жер учаскелерін мемлекет мұқтажына қайтару мәселесі. Бұл қала тұрғындарын толғандыратын ең өзекті мәселе. 

a7af6235-0b48-4e45-81a5-ff9379118155-960x500.jpeg

Бізге болашақта қай жер учаскелері мемлекет мұқтаждығына өтеді, қаланың сәулет жоспары қай бағытқа қарай өзгереді деген секілді сұраныстар көптеп келіп түседі. Қаланың бас жоспарына сәйкес транспорттық логиситика, инженерлік коммуникация жүргізу мекемелері, білім беру мен денсаулық сақтау ұйымдары, бас жоспарда қарастырылған мәдени-тұрмыстық ұйымдардың барлығы мемлекет мұқтаждығына қайтарылады. 

Бүгінгі күнде ҚР Жер кодексінің 84-бабы және ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңын басшылыққа ала отырып, Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының өндірісінде нысандардың құрылысын жүргізу үшін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы 1442 жер учаскесіне, 157 нысан бойынша 33 қаулы қабылданған. 

Барлық «Ақылды қала» ұстанымдарына сәйкес мегаполисттерде айналма жол салу өзекті болып отыр. Осы мақсатта қаламызда үш айналма жол салу жоспарланған. Оның біреуі пайдалануға берілді. Қазір бірінші айналма жолдың құрылысы басталды.

Қалада көлік инфрақұрылымын дамытуда бірқатар ірі жобалардың құрылысы жүргізілуде. Былтырғы жылы 190 нысан немесе 352 шақырым жолдарда құрылыс-жөндеу жұмыстары қолға алынды. 

Сонымен бірге қалада екінші жолайрық салынып жатыр. Мәселен Рысқұлов-Қонаев жолайрығы толық пайдалануға берілсе, Арғынбеков-Бәйдібек би жолайрығының құрылысы былтыр басталды.

«Шымкент қаласында 2025 жылға дейін 3 жолайрық, 2 транзиттік айналма жол, А-2 автомобиль жолын қайта құру және Қонаев даңғылының жалғасын салу жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылады. Нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 2022 жылы 64,7%-дан 2025 жылы 79%-ға жетеді. Әуе көлігі жолаушыларына қолайлы жағдай жасау үшін жеке инвестор есебінен әуежайға жаңа терминал салынып жатыр. Құрылыс аяқталған соң, жолаушыларды өткізу қабілеті сағатына 200 адамнан 2000 адамға дейін өседі


Тұрғын үйлерді пайдалануға тапсыру индикаторы бекітілді
Геоақпараттық жүйе жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жеңілдетпек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу