МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Шымкент қаласы аумағы бойынша 838,6 км жылу құбырлары бар. Бүгінде жылу құбырларының тозу деңгейі 37%-ы құрайды.
Сондай ақ, 23 қазандық және 17 сорғы стансалары жұмыс істейді. Ал 23 жылу қазандықтарының тозу деңгейі 30,5% құраса, 17 сорғы стансалары тозу деңгейі -41 % құрайды.
Жылу жүйелерінің тозу деңгейін төмендету мақсатында бюджеттен 6,2 млрд. теңге қаржы қаралды.
Атап айтқанда:
- 3,1 млрд. теңгеге 8,7 км жылу жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде;
- 3,1 млрд. теңгеге 9,3 км жылу жүйелеріне (3 жоба) қайта құру жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланып, нәтижесі күтілуде (15.05.2023ж.).
2022-2025 жылдары жылу жүйелерін, дербес қазандықтар мен сорғы стансаларының тозу деңгейін төмендету үшін қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Атап айтқанда, биыл: - 8,4 км жылу жүйелерін қайта құру, - 23,7 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу - 2 сорғы стансаны қайта құру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Нәтижесінде жылу жүйелерінің тозу деңгейі 37,3%-дан 35,1%-ға төмендейді. 2023 жылы - 32,2 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу, 3 сорғы стансасын және 3 дербес қазандықты қайта құру жұмыстары. 2024 жылы - 3,2 км жылу жүйелерін қайта құру, 40,3 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу және 1 қазандықты қайта құру жұмыстары. 2025 жылы - 40,3 км ішкі орамдық жылу жүйелерін ағымдағы жөндеу, 30,2 км ішкі орамдық жылу жүйелерін қымтау (изоляция) және 2 дербес қазандықты қайта құру жұмыстарын жүргізу қаралған.
Айдар Қалдыкөзов, “Қуатжылуорталық” МКК директорының орынбасары:
«2022 жылы 16 млн теңгеге 430 метр жерге 100, 160 диаметрлі құбырларды ауыстыру жоспарланған. Қазір біз оның 100 пайызын орындап отырмыз. Жылу маусымына дайындық жұмыстары толықтай жүргізілді. Бұл жоба 2021 жылдың қыркүйек айында бекітілген болатын».
Айта кетейік, Шымкент қаласында жылу жүйесінің жалпы ұзындығы 823 шақырымды құрайды. Жоспар бойынша 5 жыл ішінде оның 2 жарым шақырымы қайта жөндеуден өтеді. Нәтижесінде жылу желілеріндегі апаттар 29 пайызға азаяды. Тұрғындар жыл сайын жылудың пәтерлерде мардымсыз болатынын айтып мәселе көтеретін. Биыл Президент тапсырмасына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстардың арқасында шымкенттіктер қыста тоңбайтын болады.