МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
2022 жылы қаладағы 81 елді мекеннің 50 елді мекені табиғи газбен қамтылса, 27 елді мекені жартылай, 4 елді мекен қамтылмаған.
2023 жылы қалған 6 нысанның құрылыс жұмыстарын аяқтау жоспарда.
Олар: Тассай, Тұран 3 кезек, Асар-2, Сауле ш.а, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га.
Сондай-ақ, Нұртас шағын ауданына жеткізуші газ құбыры және Ынтымақ-2 шағын ауданын табиғи газбен қамту мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы мердігер мекемелер анықталды. Нұртас ш.а. газ құбыры 2023 жылы аяқталады. ал Ынтымақ-2 ш.а. газ жүйесінің құрылыс жұмыстары 2024ж. аяқталады.
Сондай-ақ, Қайнарбұлақ 1,2 кезең құрылс жұмыстарын аяқтауға қаржы толық қаралған жағдайда 2024 жылы аяқтау жоспарда.
2023 жылы табиғи газбен қамтылу көрсеткішін 94%-дан, 96%-ға жеткізу жоспарда.
Қала тұрғындарын табиғи газбен қамту мақсатында, 2021 - 2025 жылдары даму жоспарына сәйкес, елді мекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда. 2025 жылы қалада газбен қамту көрсеткіші 100 пайызға жетеді.
Мегаполисті сапалы газбен қамтамасыз ету мақсатында қалада сағатына 250 мың текше метр көгілдір отын таратуға қауқарлы автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГРС-3) пайдалануға берілген еді. Жаңа газ тарату станциясы жылдың кез келген уақытында тұтынушыларға үздіксіз газ жеткізуді қамтамасыз етуге қабілетті.
АГРС-3 нысанының құрылысы «Stroy Gaz Company» мекемесі тарапынан 2019 жылы басталып, 2021 жылдың соңында аяқталды. Жалпы жоба құны – 9, 463, 185 құрайды.
Жалпы, қалада 81 елді мекен болса, соның 41-і кезінде Түркістан облысының аудандарынан мегаполиске өткен ауылдар. Қала әкімдігі алдымен инфрақұрылым мәселесін түбегейлі шешіп алудың қамына кірісіп, магистралды газ, су құбырлары тартылды. Бұрын көп кәсіпорын газ қуатының тапшылығынан зардап шегетін. Көптеген жеке сектордағы үйлер табиғи газға қосылу бойынша жарияланған мораторийдің салдарынан «көгілдір отынға» қосыла алмай келді. Жаңадан пайдалануға берілген АГРС-3 газ тарату стансасының септігі¬мен мегаполис бойынша «көгілдір отын» қуаттылығы артып, мораторийлік шектеу алынып тасталды.