МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 472 көшесі жарықтандырылған.
Оның ішінде:
2021 жылы ГЧП аясында 137 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 48 %-ға өсті.
2022 жылы ГЧП аясында 115 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 48 %-ден 63 %-ға өсті.
2023 жылы 104 көше жарықтандырылады. Қазіргі таңда, жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Атап айтқанда, 48 көшеде топосъемка жасалып, 38 көшенің жобасы әзірленді. Келісім шарт талаптарына сәйкес, аталған жобаларға а.ж маусым айында сараптаманың оң қорытындысын алу көзделіп отыр.
Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 63%-дан, 70%-ға өседі.
Қалада жарықтандырылған көшелердің қатары жылдан-жылға көбейіп келеді. 2020 жылы мегаполистегі орталық маңызы бар 747 көшенің 220-сына ғана жарық жүйелері тартылған болатын.
Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында 2021-2023 жылдар аралығында 312 көшені жарықтандыру жоспарланып, бұл бағытта тиісті келісім шарттар жасалды.
Жоспарға сай жыл соңына дейін қалада 104 көшені жарық жүйелеріне қосу жоспарланып отыр. Қазір құрылыс жұмыстары басталды. Қорытындысында жарықтандырылған көшелер санын 532-ге, яғни 70 пайызға жеткізу көзделуде.
Жалпы, жасыл энергетикаға бет бұру, баламалы қуат көздерін пайдалану сынды мәселелер жылдан жылға өзекті бола түсуде. Сондықтан, қаланың орталық көшелеріндегі, қоғамдық орындарындағы жарықшамдарды энерго үнемдеу жүйесіне ауыстыру – басым бағыттардың бірі.
Осы орайда диодты шамдардың игілігі көп: энергияны үнемдейді әрі жарықты мол береді. Оған қоса мұндай жағдайда бүкіл қаланың жарықтандыру жүйесі бір орталықтан басқарылады. Егер әрбір қала тұрғыны үйлерінде диодтық шамдарды пайдаланып, электр қуатымен жұмыс істейтін тұрмыстық заттарды уақытылы қосып, өшірсе, біраз қаражатын үнемдеуге мүмкіндігі болмақ.