МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
«Менің гүлді аулам» конкурсын бағалау үшін 2023 жылдың сәуір айының 3-5 күндері 7 адамнан құралған бағалаушы қазылар алқасы әр қатысушы аулаға барып тексеру жүргізді. Әрбір аула басқарушысы мен аула тұрғыны конкурс барысында атқарылған жұмыстары, ауланың көрікті болуына тартылған тұрғындар мен қолданған тыңайтқыштар жөніндегі ақпараттармен бөлісті.
12.04.2023 жылы қазылар алқасының жеңімпазды анықтау мақсатында бағалау отырысы өтті. Отырыс нәтижесінде 91 аула-қатысушыдан 31 аула-қатысушы жүлделі орын алды. Іс-шараның Ережесіне сай қазалар алқасы жүлде қорына өзгеріс енгізіп, жүлдегерлер санын арттырды.
Нәтижесінде 9 аула-қатысушы – 1 миллион теңге; 6 аула-қатысушы – 500 мың теңге; 9 аула-қатысушы – 250 мың теңге; 8 аула-қатысушы – 150 мың теңге; 1 аула-қатысушыға – 100 мың теңгемен марапаттау шешім қабылданды.
Жеңімпаздарды марапаттау шарасы 2023 жылдың 21 сәуірі күні «Орталық саябақ» аумағында концерттік бағдарлама мен түрлі ойын сауық форматында өтеді.
2022 жылдың қазан айында басталған «Менің гүлді аулам» іс-шарасына тұрғындарды көптеп тарту мақсатында басқарма тарапынан арнайы жарнамалық ролик түсіріліп, өңірлік телеарналарында, танымал әлеуметтік желілерде пост салынды.
Қаламыздың лед-экрандарында жарнамалар орналастырылып, басылым беттерінде арнайы мақалалар жарық көрді. Сонымен қатар, жарнамалық флаерлар әзірленіп, қаламыздың көпқабатты үйлері мен аулалары арасында және ірі гипермаркеттер мен сауда орталықтарында 2000-нан астам данасы таратылды.
"Менің гүлді аулам" – бұл көпқабатты үй тұрғындарының өз аулаларын гүлдермен безендіруге арналған конкурс. Яғни, конкурсқа қатысушы тұрғындар ауланы көгалдандырып, гүлзарлар мен сәндік ағаштар егіп, оларды үнемі тазалап, бұталар мен ағаштарға уақытылы күтім жасап отыруы тиіс.
Ең басты шарттардың бірі – гүлдердің 25%-ы қызғалдақ болуы қажет. Жалпы, қатысушы аула тұрғындары дизайнын әрлеуде креативті тәсілдер қолданып, фестивальдің тақырыбын ашуы керек.