«Өмір - сен маған қымбатсың»

Oinet.kz 17-04-2023 405

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Индустриялды техникалық колледж жастары арасында «Өмір - сен маған қымбатсың» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

сайт 62 фото.jpeg

Мақсаты - жастар мен жасөспірімдер арасында күйзелістік жағдайлардың аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

ғұлама ғалым, ойшыл, философ Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген басты қағиданы ұсынған болатын. Бұл қағиданың қазіргі таңдағы өзектілігі зор.

Тәрбиелеу – адамдардың бойында білімге негізделген түрлі игіліктер мен өнерлерді дамыту деп те атауға болады. Тәрбиелеу – жеке адамның кісілігін қалыптастыру деп көрсетеді әлемнің екінші ұзтазы. Ол тәрбие әрекетінде қатты әдісті, қатаңдық пен жұмсақ әдісті, жұмсақтықты ұштастыра білуді ұсынады, яғни бұл әрекеттер де қазіргі таңда өте өзекті болып табылады.Тәрбиелеу ісі асқан шеберлікті, зор талантты талап етеді. Жас ұрпақты тәрбиелеудің түрлі жолдары мен әдістері көп, соның ішінде ұрпақ тәрбиелеуде халқымыздың рухани байлығына және асыл мұраларына, ұлттық құндылықтарына сүйенген жөн.

Білім мен ғылым қазіргі таңда және болашақтағы қоғамды дамытатын негізгі күш болып табылады, яғни қазіргі жастарымыз бәсекеге қабілетті тұлға болуы керек. Ол үшін ең алдымен бәсекеге қабілетті тұлға білімдіжәне сонымен бірге міндетті түрде тәрбиелі де болуы қажет.

Орталық психологымен өткен кездесуде жастарға аутодеструктивті іс-әрекет, құқықбұзушылық және зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сергіту сәтіне арналған бірнеше жаттығулар ойнатылды.

«Қорыта айтқанда, елі¬міздің болашағы үшін білімді жастарды дайындауғана емес, бойына рухани құндылықтарды дарыта білген жас буын өкілдерін тәрбиелеп шығару керек. Еліміздің болашағы жастардың қолында екенін әрдайым есте сақтайық, оларға да ұғындырайық» деді аталған іс-шараны ұйымдастырушылар.


Ел дамуы жастардың қолында
«Менің гүлді аулам» конкурсының жеңімпаздары анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу