МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Бүгін Әл-Фараби ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен С.Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінде «Жастар – ел дамуының болашағы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция майоры, Карбеков Бауыржан Қанатұлы, Психология ғылымдарың докторы, гештальт, психолог Асанова Салтанат Сайлауқызы, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығының», алдын алу бөлімінің мұғалімі Жургенбаева Назира, мектеп инспекторы Ауелов Марлен Тұрғанбекұлы және Полиция мойоры Ирисбеков Рахымжан қатысты.
Мемлекет жастардың білім алу мәселесіне қатысты, олардың бәсекеге қабілеттілігін аса маңызды міндет қылып отыр.Осы арқылы Қазақстанды болашақта шикізат өндіруші емес, ақыл-ойдан туындайтын өнім өндіретін елге айналдырамыз деген бағдар бар, сондықтан да бұл салаға басым назар аударылуда. Қазіргі таңдағы кезең –бұл ақпараттар, жетік технологиялар мен инновациялар заманы. Сәйкесінше, бүкіл өркениет осыған бейімделіп, инновациялық жаңашылдықтарға толы қоғам қалыптасып келеді. Осындайэкономикаалық, кәсіпкерлік ортада табысты жұмыс істеп, жаңа мүмкіншіліктерді анықтап, инновациялық бизнес-идеяларды туындау үшін, әрине білімді, ақыл-ойыңыздың ширақтылығы, ақпараттарды жинақтау және талдау қабілеттерінің болғаны абзал. Сондықтанқазіргі жастарға экономика, жалпы қоғам өмірі, кәсіпкерлік саласындағы білімді игеру кеңінен насихатталуда.
Кездесуде сала қызметкерлері жасөспірімдер арасында көптеп кездесетін мәселелерге тоқталып, жат қылықтардан аулақ болуға шақырды. Сондай-ақ, құқықтық сауаттылық пен психологиялық бағытта толыққанды ақпарат айтылып, жастармен кері байланыс орнатылды.