Жастар біздің болашағымыз

Oinet.kz 17-04-2023 376

Бүгін осындай тақырыппен Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Профнавигация» жобасы аясында кездесу өтті. Мақсаты - жалпы білім беру мекелерінің жоғары сынып оқушылары үшін кәсіптік бағдар беру, мансаптық траекторияны құру. 

сайт 60 фото.jpg

Біздің ертеңгі күніміздің болашағы - жастар екенін білеміз. Олар біздің ертеңімізді жалғастыратын, жасампаздық эстафетасын қабылдап алып, алға қарай қарыштап, жылжып, жоспар - істерімізді одан ары дамытып, елге танытатын ұрпақ. Сол себепті, жастарды ертерек еңбексүйгіштікке, еңбекті құрметтеуге және « Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,- деп Абай атамыз айтқандай, еңбек қана ер атандыратынын ұқтырып, тәрбиелеу - маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазіргі жастардың көпшілігі тер төгіп, еңбектенбей, жалқаулыққа бой алдырып, жеңіл жолмен табыс тапқылары келеді. Сондықтан, бұл мәселенің дұрыс жолға қойылып, дұрыс шешімін табуына жұрттың бәрі: еңбек ұжымдары, қоғамдық - мәдени ұйымдар, отбасы мүшелері, мектеп ұстаздары мен сынып жетекшілері, тіпті достары - түгел атсалысуға мүдделі. Мектеп қабырғасынан кейін дұрыс мамандық таңдап, арнайы оқуға түсіп, тамамдағаннан кейін адал және шын ниетпен жұмыс істеу, еңбек тәртібін сақтау, жүктелген міндеттерді және орындаған жұмысты жауапкершілікпен атқару, істеген жұмысының сапасын арттыру, жаңашылдыққа, алға ұмтылып, жаңа технологияларды орнымен пайдалана білу - жастарымыздың негізгі міндеті болып саналатынын, олардың санасына құя беру - біздің міндетіміз.

Жоба аясында өткен кездесуге Тұран ауданы төтенше жағдайлар департаменті инспекторы Жорабек Нұрсұлтан қатысып, өз саласы жөнінде әңгімеледі.

-Елге қызмет жасау әрбір азаматқа борыш. Менде өз борышымды өтеу үшін және өз қалаған мамандық иесі атану үшін «Өрт сөндіру» қызметін таңдадым. Жұмысым қиындықтар мен қауіптерге толы болсада, осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін. Сіздерге айтарым, мамандық таңдауда қателеспеуге шақырамын, - деді Жорабек Нұрсұлтан.

Кездесу соңында бітіруші түлек жастары сұрақ-жауап алмасып, естелікке суретке түсті.


Қыз - өмірдің қызғалдағы
Ел дамуы жастардың қолында
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу