МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Жастар ресурстық орталығы мен С.Нұрмағамбетов атындағы № 72 жалпы орта білім беретін мектебінің бірлесе ұйымдастыруымен қыздар мен ата-аналар арасында «Қыз – өмірдің қызғалдағы» тақырыбында семинар-тренинг өтті
Мақсаты - қыздардың өсіп дамуына қолайлы психологиялық және әлеуметтік жағдай жасау және келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу, өмірге құштарлығын арттыру.
«Қыз» — қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.
Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Барған жерде бағының ашылуына үйде отырып қамданатын болған. Қыз баланы құрметтеу, оның алдында дөрекі сөйлемей ізетті болу, ер тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына мінгізу, киімнің әсем сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнау ежелгі дәстүр. Жиын тойларда қыз баланы әрдайым сыйлы орынға отырғызған. Жаңа келін болып түскен келіндер де қайын сіңлілерін аттарымен атамай «еркежан», «шырайлым» деп еркелеткен.
Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға үлкен сын еді. Жүн түту, жіп иіру, шекпен тоқу, құрақ құрау, оюлап киіз басу, көрпе көктеу т.б. өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып-ақ үйреткен. Осылай еңбекке баулу арқылы отбасы алдындағы жауапкершілік сезімін дамытып, психологиялық жағынан дайындай бастаған.
Семинар-тренингке мектеп психологы Бекбосынова Кулия Даулетқұлқызы, мектеп медбикесі - Муталиева Базаркүл Курбаналиева қатысты. Олар кездесу кезінде, ерте жастағы жүктіліктің қауіп-қатері мен оның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, тренинг соңында семинарға қатысушы оқушылар, ата-аналар және сынып жетекшілер арасында профилактикалық жұмыстар мен тренинг жаттығулары жүргізілді.