МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Осыны жадында ұстайтын Шымкент қаласының Еңбекші ауданына қарасты Абдулабад, Базарқақпа тұрғын алаптарының тұрғындары «Ең бастысы – ел тыныштығы» деп отыр.
Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің және Еңбекші аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік этносаясаттың жүзеге асырылу барысы» тақырыбында Абдулабад және Базарқақпа тұрғын алаптарында жергілікті жұртшылықпен кездесулер өткізілді.
«Қазіргі кезде елімізге ең қажеттісі – ел бірлігі екені белгілі. Айналамызда бүгінгідей алмағайып заманда сан түрлі ұлттар мен ұлыстардан тұратын кең-байтақ еліміздегі тыныштыққа тіксіне қарайтындар да жоқ емес.
Елдің біртұтастығын әрбіріміз көздің қарашығындай қорғауымыз керек. Ол үшін барлығымыз қолданыстағы заңнамаларды орындасақ, мемлекеттік тілдің мерейін асырсақ, барша жастарымыз міндетті әскери борышын уақтылы өтесе, барлық этностар қазақ халқының маңына топтасса жетіп жатыр», - деді кездесулерде қатысқан «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е.Байқонақов.
Жалпы, қазірге дейін Абдулабад пен Базарқақпа тұрғын алаптарына қатысты қандай да бір теріс жағдайлар, келеңсіздіктер орын алған емес. Қоңыртөбел тірлік кешіп жатқан тұрғындар ең бастысы елде тыныштық болсын дейді.
«Түрі басқа болса да, тілегі бір. Жүзі басқа болса да жүрегі бір», – дей отыра ұлты, діні, тілі, ділі, салт-дәстүрі қандай болмасын түсіністік танытып, теңдей қарап, құрмет көрсетуде. Көп ұлтты ел болу – біздің байлығымыз, мақтанышымыз. Ұлттарды бір шаңырақ астына біріктіретін Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпы халықтық, жалпы азаттық орган қалыптасты. Оның Конституциялық дәрежесі бар. 1995 жылы құрылған Қазақстан Халықтары Ассамблеясы дүниежүзіне үлгі ететін ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені. Ал, барлығын бауырындай көріп, бөле жармайтын қазақ халқының татулығы ұлттар бірлігінің орнығуына себеп болды.
Ұлтаралық татулық пен келісім – ұлттық идеяның негізгі өзегі болып табылады. Ұлттар арасындағы бірлік пен сенім – әділдіктің сипатын бейнелейді. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін де, елімізді жаңа белес¬терге жетелейтін де біздің ауызбіршілігіміз, татулығымыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы артпақ.