МИБ-ті онлайн тіркеу енді оңай
23-04-2023
Қазіргі таңда қала бойынша 81 елді-мекеннің 80-і сапалы электр жарығымен қамтылса, 1 елді-мекенде электр қуаты сапасыз.
2023 жылы сапалы электр қуатымен қамту бойынша 6 нысанның, оның ішінде 4 елді мекенде ішкі жүйелерінің, 1 қосалқы стансаның құрылыс жұмыстары және 1 электр тарату бекеті жұмыстары жүргізілуде.
1 тоқсан ішінде: 6 елді мекенде ішкі электр жүйелерінің құрылысы жалғасын тауып, мердігер мекемелер, 153,2 км электр желілері, 15 электр тарату бекеті, 38 трансформатор, 1 қосалқы станция орнатылады.
1-ші тоқсан қорытындысымен 1 елді мекенде ішкі жүйелердің құрылыс жұмыстары аяқталып, 10 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылды.
Сонымен бірге жауапты мамандар 2025 жылы мегаполис толық сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етілетінін айтады. Қазіргі уақытта 8 елді мекенде ғана электр қуатының сапасы төмен.
Айталық, Қаратау ауда¬нына қарасты Достық шағын ауданын сапалы электр қуатымен қамту өзекті мәселенің бірі еді. Бүгінде электр тарату бекетіне керекті жабдықтар орнатылды. Шағын ауданды қажетті электр энергиясымен қамтуға жалғап қосу, қосылу көзіне кабель желісін жалғау және 13 электр трансформаторын орнату, 7 шақырым 10 кВ кабель желісін тарту секілді жұмыстар кіреді.
Энергетика және инфрақұрылым¬ды дамыту басқармасының инди¬каторлардың орындалуы бойынша есебінде Шымкентті электр қуатымен қамту көрсеткішін былтыр 98 пайызға жеткізу жоспарға қойылғаны айтылған. Бұл мақсатқа орай 5 елді мекен – Жаңаталап, Достық, Тұран, Нұртас, Сәуле шағын аудандарында және Бозарықта 1 қосалқы станса, «Ақжар» 110 кВ қосал¬қы стансаларының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Ал Ынтымақта¬ғы қосалқы станса мен осыған байланыс¬ты Нұрсат, Қайнарбұлақ, Батыс, Солтүстік ¬саяжай шағын аудандарындағы құрылыс¬тар биыл аяқталады.
Мегаполисте «Бозарық 220/110/10 КВ» қосалқы стансасы мен 110 кв қоректендіру желісі бар «1-М-1» қосалқы стансасы іске қосылды. Аталған нысандар қала шетіндегі шағын аудандарды электр жарығымен қамтамасыз етуге толық жетеді. Соның нәтижесінде, 250 мың халық тұратын 10 жаңа тұрғын үй алабы үздіксіз электр қуатымен жабдықталды.