Қазақ тілінің қамқоршысы ең алдымен Қазақ болуы тиіс

Oinet.kz 13-06-2024 95

Техника деген күн санап дамып жатыр. Осыдан он-он бес жыл бұрын жалақымызды темір жәшік арқылы аламыз деп ойлаған ба едік?! Банкоматтың бір жақсы жері -- көңілі бірде көл, бірде шөл кассир келіншек сияқты қабағын шытпай, айлығыңды алаламай, сөйлеместен береді, әйтеуір.

1000219865.jpg

Бірақ, кей кездері темір жәшіктің түймесін басып жатқан адамдарға көзімнің қиығымен қарайтыным бар. Біреудің қанша ақша алып жатқанына емес, қалай алып жатқанына көңіл аударамын.

Алайда сенесіз бе, осы уақытқа дейін бірде-бір мәрте банкоматтың арнайы түймесін басып, ақшасын қазақша мәтін арқылы алған адамды көргенім жоқ. Бәрі ақшасын зу еткізіп «орысша» «суырып» алады. Бір-екі адамға айтып көріп едім, қазақша мәтінді басып көрді, бірақ, артынша шатасып қалды. Әрине, бұрын-соңды басып үйренбеген соң сөйтеді. Сөйтіп қолдарын бір сілтеп, көзі үйренген жолына түсті.

Осыдан кейін қазақ тілінің кең қанат жаюына Үкімет, билік қаншама күш жұмсасын, қаншама бағдарлама енгізсін, әрбір қазақтың бойында ана тіліне деген жанашырлық, қамқорлық болмай істің бәрі бекер екен-ау деп ойға қалатының анық. Яғни, Қазақ тілінің қамқоршысы ең алдымен Қазақ болуы тиіс. Ендеше Сіз ана тіліміздің абыройын арттыруға қандай үлес қосып жүрсіз?

Оралхан ДӘУІТ,

журналист

Для экономики доступного источника энергии является критически важным
Шетелдегі қазақ жастары өз ана тілдерін ұмытып барады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу