Кентаудағы зауытта айына 3 миллион кірпіш дайындалуда

Oinet.kz 14-11-2022 572

Түркістан облысының Кентау қаласында «Almaty NS Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырып отырған кірпіш зауытында бүгінде айына үш миллион керамикалық кірпіш шығарылады.

Screenshot_32.jpg

Кәсіпорын биыл ашылған. Зауытқа қажетті қондырғыларды орнатуға кәсіпкер тарапынан 1 миллиард 720 миллион теңге инвестиция салынған. Зауыттың жылдық қуаты жылына 45 миллион дана кірпіш шығару. 

Түркістан облысында инновациялық, инвестициялық жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар жоспарлы жүзеге асырылуда. Жалпы аймақтағы бірқатар өзекті мәселелерді шешу бағытында жеке инвестициялық, бюджеттік және жұмыспен қамту жобалары аясында 2025 жылға дейінгі Түркістан облысының даму жоспарының жобасы әзірленген. Ондағы мақсат – әрбір елді мекен бөлінісінде жұмыспен қамтуды көздейтін бюджеттік және бюджеттен тыс инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыра отырып, шағын қала, аудан мен ауыл халықының табысын арттыру, тұрмыс жағдайын жақсарту. Жоба негізінен халықтың әлеуметтік игіліктер мен мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету және жалпы жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бойынша бірқатар міндеттерді шешуді көздейді. Соның ішінде кентау қаласында жүзеге асырылып жатқан кірпіш зауыты да бар. 

- Өңір экономикасын дамытамыз десек – алдымен шағын қала мен ауылдық аумақтарды дамытуымыз керек. Ол үшін жаңа жұмыс орындарын құратын агроөнеркәсіп кешенін, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобаларды іске асыруға тиіспіз. Бұл жұмысты аймақтағы барлық шағын қала мен аудандарда, ондағы ауылдық округте жүзеге асырылуда, - дейді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды. 

«Almaty NS Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырып отырған кірпіш зауытының құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Биыл пайдалануға берілген зауыт алты айдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп, Түркістан облысы тұрғындарының сұранысын қанағаттандырып келеді.

Зауыт басшылығының айтуынша, алдағы бірнеше жылда кірпіш өндірісі жылына 4-5 пайызға өспек. Зауыт жұмысшы санын 50 жұмысшыға жеткізуді көздеп отыр. 

– Кентау – өңіріміздегі жалғыз моноқала. Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны тұрақты. Негізгі салаларда өсім бар. Халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсарту бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Оған Кентау қаласында жаңа іске қосылған кірпіш зауыты да шаһардың экономикалық дамуына үлесін қосуда, - дейді зауыт басшылығы.

Төлеби ауданында мың мегаваттық бу-газ стансасы салынбақ
2400 жұмыссыз кәсіптік қайта даярлау курсынан өткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу